Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Алланың көзі түзу екен”. Ресейде құлдықта болған қазақ қызы әрең қашып шығыпты (фото)

277

Қыз құлдықта болған Мәскеудегі азық-түлік дүкенінің аты Гольяново деп аталады екен. Қазіргі кезде Несібелі Қазақстанда деп хабарлайды Іnformburo.kz.

Оған дүкенге келіп жүрген қайырымды әйелдің көзі түсіп, ақыры оның қашуына көмектесіпті. Қазір Ресейде құлдықта болған қызға “Азаматтық жәрдем” комитеті мен “Альтернатива” қозғалысының белсенділері көмек қолын созды. Олар бұл істі сотқа жеткізу қамымен жүр.

“Барлық затымды, шабаданымды түгел тартып алды. Өзіме ауыстырып киюге бір ғана киім қалдырды. Көкөніс бөлімінде демалыссыз жұмыс істедім. Дүкеннің ішіде ұйықтайтынбыз. Тамақтың орнына мұз болып қатқан нан, сорпаның орнына су берді. Тамақ ішуге де көп уақыт бермейді, зырылдап қызмет етуің керек. Таяқтан көз ашпадық”, – дейді.

Құлдықта Несібелі жалғыз болмаған, басқа адамдар да бар. Дүкен қожайыны – әйел адам оларды өздері қаламайтын нәрселерді істеуге мәжбүрлеген. “Бізге зорлап арақ ішкізетін. Ішесің де, бәрін ұмытып, жатып қаласың. Ал өзінің бір танысы менің кім екенімді сұрағанда, ол “бәрі кетіп қалды, жезөкшелер ғана қалды” деп жауап берді”, – дейді Несібелі.

Несібелі бірнеше рет қашпақ болған. Бірақ барлығы да сәтсіздікпен аяқталған. Тек соңғысында Алла қолдап, қайырымды әйелді жолықтырған.

„Алланың көзі түзу екен„ – дейді жат елде көрген қорлығын ұмытқысы келіп, көз жасын сыққан Несібелі.

Бұрын телефон нөмірін қалдырып кеткен келіншек оған көмектеседі. Бейтаныс әйел құлдыққа қарсы «Альтернатива» қозғалысымен байланысады. Оның көшбасшысы Олег Мельников Несібеліні сол күні-ақ алып кетіп, тамақ пен киім беріп, бір бөлмеге орналастырған. Сондай-ақ, емханаға апарып, жарақатын таңады.

Қозғалыстың мүшелері бойжеткенді Қазақстанға қайтару үшін ақша жинап берген. 27 желтоқсан күні Несібелі Мәскеудің ішкі істер департаменті бөлімшесіне шағым түсіреді.

“Азаматтық көмек” комитеті “Мемориал” құқық қорғау орталығымен бірге зардап шеккен бойжеткенге заң тұрғысынан көмек көрсететіндерін айтты.

Шолпан, Жанар, және Жансұлу есімді апалы-сіңілі Ыстанбековалардың жұмысшыларын құлдықта ұстайтын дүкендері Мәскеуде өте көп екен. Олардың жұмыс жасап жатқанына 13 жылдан асқан. Тексеріс келген кезде, қожайындары қызметкерлерін қоймаға жасырады немес оларға жалған құжат жасатады. Сөйте тұра ағайынды Ыстанбековалар осы уақытқа дейін бір де бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз