Жақсы киім мен жақсы көрінуді жанынан қатты жақсы көретін Әлішер Кәрімов ер адамдардың өзін жақтырта бермеу себебін айтып қалды.
Әнші бұл туралы Gakku арнасына берген сұхбатында айтты.
“Мен өзімді ешқашан сымбатты жігіт деп санаған емеспін. Байқағаным, менің концертімде 95 пайыз әйел адамдар, ер адамдар болса аз отырады. Себебі еркектердің көбі мені әйелдеріне ұнайтыным үшін жек көреді”,- деді ол ағынан жарылып.