Алматы маңында ұрланған адамды босатуға арналған арнайы операция жүргізілді.
Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, ер адамды ұрлап әкетуге қатысы бар 1987 жылғы ер адамды ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.
“Тергеу кезінде қаскөйлердің ер адамның қайда екені анықталған. Олар ер адамды Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан жер үйде ұстап отырған. Бірден құрсаудағы ер адамды босатуға арналған операция өтті. Сөйтіп Әлиев деген азамат босатылды.
Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. Қазіргі уақытта үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа басқа да адамдардың қатысы бар-жоғын Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері мұқият тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеуде адамды ұрлауға ненің себеп болғаны және оқиғаның басқа да мән-жайы анықталады”, – деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оның айтуынша, Әлиевтің туыстары оның жоғалып кеткені жайлы 20-сәуірде полицияға хабар берген. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша (“Адам ұрлау”) сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.