Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы облысында әйелдерді тонап жүрген ер адам ұсталды

Барлық жағдайда жас әйелдер өз өтініштерінде өзара ұқсас адамды сипаттаған. Ер адам өз құрбандарын қорқытып, олардың ақшаларын, ұялы телефондарын, планшеттерін алып кеткен.

«Бір фактіден өзге, әйелдерді тонау деректерінің барлығы Талғар аумағында болған. 24 тамызда күдіктінің 22 жастағы қызға пышақпен тап беру фактісі бойынша Талғар полицейлері оның ізіне түсіп, қолға түсірді. Күдікті 1993 жылы туған көрші Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны болып шықты»,- деп хабарлайды ВАлматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстандық қылмыс заңнамасының 191 «Тонау» және 192 «Қарақшылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

 

https://kaz.365info.kz/abden-khinagan-kharyzyn-aluga-ketip-oralmagan-zhigitti-oltirdi-degen-4-kydikti-ystaldy-329442

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз