Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Әлі сұмдық болады”. Базардағы саудагер мен көшедегі таксист салық төлей ме?

111

Спановты мазалап отырған жайт, қазір өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз еткен азаматтар туралы расталған нақты деректер жоқ екен.

— 2018 жылдың ақпанында олардың қатарына 2,7 млн адам кіретіні туралы айтылған болатын. Десек те, Ақорданың деректеріне сәйкес, ондай азаматтардың саны 1,5 млн екен.

Сонда шындық қайда?

Өйткені қандай да бір бағдарлама жасау үшін расталған цифрлар мен мәліметтер қажет емес пе, — дейді сарапшы.

Артық қылам деп…

Спановтың айтуынша, ұсынылып отырған жаңа салық тәртібін сынақтан өткізген жөн. Әйтпесе, салықтың бір бөлігі «көлеңкеде» қалып қоятыны анық.

— Бұл жерде тек қазыналық әдістерді ғана емес, сондай-ақ халықты ынталандыру жолдарын кеңінен пайдаланған жөн.

Әзірге, мен тек қазыналық жолдар туралы естіп отырмын. Барлық жағдай анық болған кезде ғана алда тұрған қадамдар туралы сөз қозғауға болады, ал қазір оның бәрі бекершілік, — дейді сөзін қорытындылаған маман.

https://kaz.365info.kz/khashyp-ketti-kyni-keshe-ministr-bolgan-madina-abilkhasymova-yyatkha-khaldy-video-302072

Экономист Рүстем Жансейітов жаңадан енгізілетін салық —

мемлекеттің өзін өзі жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтарды қандай да бір табыс көзіне айналдыруға талпынысы

деген пікірде.

Бос әуре

— «Жұмыртқадан жүн қырқу» деген халқымыз қалт айтпайды. Бірақ мемлекеттің бұл әрекетінен ештеңе шыға қоймас.

Десек те, мұндай бірыңғай салықтың белгілі бір мөлшерін барлық ұсақ кәсіпкерлер мен жеке кәсіпкерлерге салу – бизнес-ортаны дамыту жолындағы елеулі қадам боолушы еді, — дейді ол.

https://kaz.365info.kz/eks-deputat-erasyl-abilkhasymovtyn-khyzy-tamara-dyjsenovanyn-ornyn-basty-301485

Оның пікірі бойынша,

өзін-өзі асыраушылар мұндай салықтың өзін де төлей қоймас, ал оларды бақылау оңай шаруа емес

Сондықтан жаңа салық өміршең болып, табысты жұмыс істейді деп айта алмаймын.

Оның үстіне, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі ресми статистика көрсетіп отырғаннан әлдеқайда жоғары.

Нақтылық жоқ

Өз кезегінде, экономист Әсет Наурызбаев жаңа салықтың тиімділігі оның қалай жүзеге асырылатынына байланысты, дейді.

— Мәселен, міндетті медициналық сақтандыруды алайық, өз алдына жоба жаман емес болатын,

бірақ оны жүзеге асырудың жолдары жақсы ниетті жоқ қылды. Мына салық та соның кебін киетін сыңайлы.

https://kaz.365info.kz/zhezokshe-emes-eken-zhalanash-politsejdin-kimge-bargany-belgili-boldy-274226

Бұл жерде солай, шешілмеген мәлелелер бастан асады, мысалы:

жұмысы мен табысы әртүрлі азаматтар неге бірдей салық төлеуі керек?

Бұл қазір медициналық сақтандыру саласында орын алып отыр, мәселен, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімдермен жұмыс істейтін адамдар бірдей салық төлеуге мәжбүр, нақтылық жоқ— дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз