Әли Оқапов Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасын тәмамдап, “өнертану ғылымдарының магистрі” атанды.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Өз кезегінде желі қолданушылары Әлиді құттықтап, ақ тілектерін жолдады.
“Осымен 18 жылға жалғасқан оқу жылдарым артта қалды. Докторантура жайында әлі ойланбадым. Барлық ұстаздарға, ғылыми жетекшім – Бегалинова Гүлнар Әбдірахманқызына, композиция шебері әрі комиссия төрағасы Шілдебаев Қуат Абдуллаұлына, Кесоглу Лаки Константиновичке, Забирова Толқын Қалиқызы мен менің оқуыма қандай да қатысы болған жандардың барлығына алғыс айтамын. Енді менің толық музыкалық жоғары білімім бар. Өнертану ғылымдарының магистрі атандым”,