Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

“Алғысым шексіз”. Владимир Путин Астана процесіне оң баға берді

Айта кетейін, Президент Назарбаев барлық шиеленісуші және бітімге келуші тараптарды келіссөздер үстелінің басында ұстап қалу үшін белгілі бір жауапкершілікті өз мойнына алған кездер де болған. Сол үшін алғысымыз шексіз.

Астана процесінің бет алысы оң, әрине, проблемалар да жоқ емес. Бірақ жалпы – позитивті», – деп жауап қайырды Владимир Путин.

Сондай-ақ Ресей басшысы Сирия бойынша ең маңызды мәселеге – қантөгісті тоқтатуға қол жеткізу мүмкін болғанын атап өтті.

«Түркия, Иран және Сирия үкіметінің ұстанымының арқасында өзекті мәселелер бойынша позицияларды жақындастыруға мүмкін болды, бұл – қантөгісті тоқтату. Сондай-ақ деэскалация аймақтарын құру, бұл – Сирия бойынша соңғы екі жылдағы жұмыстардың, соның ішінде Астана процесінің басты жетістігі.

Айта кетейін, Астанадағы келіссөздерге қатыспайтын, бірақ қашықтан қатысып отырған және болып жатқан процестерге ықпал ететін өзге елдер де, соның ішінде АҚШ айтарлықтай үлестерін қосуда. Біз америкалық әріптестермен бұл мәселе бойынша өзара қарым-қатынастамыз. Олар тұрақты, бірақ оңай емес, пікірталастар да болып тұрады.

Дегенмен, бұл ықпалдастықтың негативтен бұрын, позитивті тұстары көп. Осы уақытқа дейін біз көп мәселе бойынша бір мәмілеге қол жеткізіп келдік, соның ішінде Израиль мен Иордания мемлекеттерінің мүдделері бар деэскалацияның оңтүстік аймағы бойынша. Әрине, бұл процеске Сауд Арабиясы, Мысыр, Иордания, Катар және шағын, бірақ маңызы жоғары көптеген өзге елдердің оң ықпалы тиіп отыр», – деді ол.

Аталмыш мәселе бойынша перспективаларға тоқталған Владимир Путин жақын уақытта бұл аймақта лаңкестердің көзі жойылатынын айтты. Сонымен қатар, деэскалация аймақтарын құрудан кейін келесі кезеңге өту көзделіп отырғанын жеткізді.

«Барлық этникалық және діни топтар, үкімет пен оппозиция қатысу үшін Сирия халқының конгресін құру идеясы бар. Бұл саяси реттеудің келесі маңызды қадамы болар еді», – деп түйді РФ Президенті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз