Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әлеуметтік желінің күші мен қаупі қандай?

199

«Әлеуметтік желіні кибершабуыл мақсатында қолдануы мүмкін күштер бар. Солардан сақтану мақсатында отандық ақпарат саласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету керекпіз» деді ол.

«Қазақстан интернет қауымдастығы» қоғамдық ұйымының президенті Шауқат Сабыровтың пікірінше  әлеуметтік желідегі заңсыз, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін жазбалармен күресу барлық елде бар.

«Былтырғы жылы құқық қорғау орындары әлеуметтік желідегі әрбір қолданушыны бақылап отыратын мониторинг жүйесін сатып алды. Биылғы жылғы дәл осы мақсатта Ақпарат министрлігі тарапынан 2 млрд. теңге бөлінді» деді.

«Қалай болған күнде әлеуметтік желі өзінің ақпарат таратудағы беделі мен растығы жағынан ресми БАҚ-пен бәсекелесе алмайды», – дейді өз кезегінде саясаттанушы Айгүл Омарова.

Ал сарапшы Антон Морозовтың айтуынша әлеуметтік желідегі алып-қашпа ақпаратқа сенетін қауымның қалыптасқаны қауіпті.

«Шырпы жақсаң тұтануға шақ тұрған қазіргі қоғамда желілерде желдей ескен түрлі қауесет пен гу-гу, арандатудың артуы – ақиқатын айқтсақ алаңдатады», – деді ол бұл ретте.

Жиынды түйіндеген  «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова: «Әлеуметтік желі  бастапқыда таныстармен, достармен араласып, сурет салатын ақпараттық алаң еді. Ал, біздің елімізде ол қазір саясиланып кетті», – деген пікір білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз