Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әлеуметтік желіде Нұрлан Өнербаев деп тіркелгендер жалған “фейктер” екен

Сұхбат барысында «әлеуметтік желіден Сіздің парақшаңызды байқап қалдық. Осыны нақтылап өтсеңіз?» деген сұраққа былай деп жауап беріпті:

– Жалпы, өзім әлеуметтік желіге кірмеймін. Жұрт қазір қалта телефоны арқылы әлеуметтік желіден іздеген, көргісі келген адамын оңай таба қояды деп айтқаным бар. Ол сөзім рас.

Шынында әлеуметтік желілерде, соның ішінде Фейсбукте де, Инстаграмда да жоқпын.

Өзің айтып отырған әлеуметтік желідегі парақшаны мен де көрдім, қарап шықтым.

Бірден айтайын, ол парақшаны мен ашқаным жоқ. Менің атымнан біреулердің ашқанын түсіндім. Байланыс телефондарына «ақ, адал ниетіңіз болса, менің атымнан парақша ашып, оны шығармашылығыма қатысты жүргізгіңіз келсе, мәліметтер беріп отыруға мен дайынмын» деп хабарластым.

– Қандай жауап қайтарды?

– Әзірге еш жауап жоқ. Жалпы, әлеуметтік желідегі парақшаны жүргізуі көңілімнен шықты. Алайда маған шын көмектескісі келген адам болса, несіне жасырынады? Осы жағы маған жұмбақ болып отыр. Қандай мақсатпен ашып отырғанын да білмеймін. Сондықтан шын ниетті, менің өнеріме ерекше ықыласы бар тыңдарманыма да, көрерменіме де айтарым —

ол парақшада менің атымнан жазылып жатқан нәрселердің ешқайсысы да менікі емес, алданбаңыздар дегім келеді.

Егер әлдеқандай сіздердің көңілдеріңізден шықпайтын ақпарат сол парақшаларда өтіп жатқан болса, ол мен емес және менің атымнан емес. Осылай қабылдауларыңызды сұраймын. Ақыры сұраған екенсің, осы мүмкіндікті пайдаланып айтайын, бұған дейін әлеуметтік желіде жоқпын дегенмін. Бірақ, тыңдарманның, көрерменнің бүгінгі күнгі ақпарат алу, ән тыңдау тәсілі осы болғаннан кейін амал жоқ өз атымнан ресми парақшамды ашу керек деген шешімге келдім.

Сондықтан да, жақын күндері өз атымнан ресми парақшамды ашамын. Оған өз тыңдарманыма алғысөзіммен шығамын.

Фото: «ҚазАқпарат»
https://kaz.365info.kz/aza-yzdaryn-zhek-k-retin-adam-rinat-bektas-ly-degen-kim-244556

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз