Әлеуметтанушы Тимур Айсауытов барлық деңгейдегі соттардың және шенеуніктердің жалақысын бірнеше есе арттырып, жемқорлық қылмыс үшін жазаны күшейтуді ұсынды. Келесі бір сарапшы бұл идеяның нәтижелілігіне күмән келтіріп, өз тәсілін ұсынды.
Жалғасы. 1-бөлімге сілтеме
— Максим, сіз неге Тимур Айсауытовтың ұсынысына күмәнмен қарайсыз?
— Осы тектес шаралар бұрын да қолданылған еді, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Мұның себебі
пара мен тендерден түсетін пайда ойға қонымды жалақыдан бірнеше есе жоғары
Саяси мемлекеттік қызметкерлер бюджеттен түсетін үлкен көлемдегі қаражатқа қатысты шешімдер қабылдайды. Шындығына келгенде бір жемқорлық қылмысына барып, бес жылдық жалақысын бір-ақ күнде алады. Бұл тіпті айына 10-15 мың доллар төлейтін болсақ та ешқандай салыстыруға келмейді.
маңызды бір тендерден — 2-3 миллион долларға дейін пара алады. Енді өзіңіз салыстырып көріңіз
Бұндай шараларды төменгі буындағы қзметкерлерге тиімді қолдануға болады. Мәселен, жол полициясы немесе учаскелік инспекторларға. Осыған ұқсас әдісті Грузия қолданды. Каха Бенукидзе жүйелі реформа жасады. Құқық қоғау органдарының бұрынғы қызметкерлері арасында тазалау жүргізіліп, олардың орнына жаңа қызметкерлер алды және өте жоғары жалақы белгіледі.
Полиция қызметкерлері мен қатардағы қызметкерлер бірден орта таптың өкілдеріне қосылды
Сондай-ақ жемқорлық әрекеті үшін жазаны күшейтті.
Осы тектес амалдарды денсаулық сақтау және білім беру саласына қолдануға болады. Алдыңғы қатарлы шенеуніктердің деңгейінде мүлдем басқа қаржы соммасы айналымда жүреді.
— Ал орта буындағы сот төрағалары туралы не айтуға болады?
— Егер ондаған миллион доллар тұратын бизнесті рейдерлік басып алу ісі туралы айтататын болсақ, сотқа осы сомманың 10-15 пайызын ұсынады. Яғни, тағы да айтып отырған соммаларды салыстыруға келмейді.
— Алайда жалақыны көтерумен қатар, түрмеге қамау мерзімін де ұзартуды ұсынды. Алик Шпекбаев жемқорлық қылмысын асағаны үшін мерзімінен бұрын босатуды алып тастау туралы ұсынысты көтергеніне біраз уақыт болды. Осы шаралардың барлығын бірге қолдансақ та нәтиже болмай ма?
— Кейбір шенеуніктерге қарап, оларға ешнәрсе тоқтау болмайтынын түсінуге болады. Ары кетсе үш-төрт жыл түрмеде отырар, бірақ босап шыққаннан кейін долларлық миллионер болады.
Ал оның қылмыстық ісін басқа сот қарайды,
жазаны жеңілдету үшін оған да ақша ұсынады.
Бұл мәселенің шешімін басқа жақтан іздеу керек.
еңбекақы төлеу жүйесін түбегейлі өзгерту керек
Мысалы ірі бизнесте компанияның бір жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесі бойынша бонус беріледі. Бірақ бұл үлгіге өту үшін мемлекеттік аппараттың жұмысын бағалау жүйесін де өзгерту керек болады. Әзірге билік бұған дайын емес.
— Бұл жаңа жүйе жемқорлықтан қалай құтқарады? Пара беріп, пара алуға не кедергі болады?
— Оларға жоғары көлемдегі бонус беріледі. Нақтырақ айтқанда, өз саласындағы индустриалды-инновациялық бағдарламаны сәтті жүзеге асырғаны үшін облыс әкімі бірнеше миллион доллар алады.
Ал министрлер туралы айтар болсақ, олардың өзіндік салалық даму бағдарламалары бар. Осы бонустар үшін адам өзін тежейді және кадрларды ауыстырудың қажеттілігі болмайды. Барлығына бәрі айдан анық.