Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Әлемдік пандемия ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді — сарапшы

336

Ғылыми экпедициялар келесі жылға қалды

QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі — Қазақстанның туристік объектілерінің тарихи-мәдени көрнекті жерлерін, географиясын, флорасы мен фаунасын зерттейтін коммерциялық емес ұйым.

Нұржан биылғы жылы бірнеше экспедиция жоспарланған еді дейді.

— Қазақстандағы экспедициялық маусым мамыр айынан қазан айына дейін өтетін. Мамыр айында Арал теңізіндегі жыл сайынғы экспедиция өтуі тиіс еді. Топ құрамында Назарбаев Университетінің ғалымдары және біздің қызметкерлеріміз – геологтар, географтар, экологтар бар. Олар Арал су айдындарының экожүйелерін зерттейді. Бірақ келесі жылға қалдыруға тура келді, себебі біздің ғалымдарға мамыр — фитопланктонның гүлдену уақыты қызықты. Сонымен қатар, жаз айларына да бірнеше экспедиция жоспарланған болатын. Қазірдің өзінде маусым айындағы саяхатымыздың да болмайтынын түсініп отырмыз.

Ұлы Жібек жолы мен Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Алтайға бару жоспарымызда бар еді.

Биыл Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толады.  Оның құрметіне де экспедиция жоспарланған болатын. Енді мұның бәрі белгісіз. Экспедиция құрамында басқа елдерден келетін ғалымдар да бар,  оларкеле ала ма, білмейміз. Тіпті егер Қазақстан бойынша еркін жүріп-тұруға рұқсат етіле ме, көрші Ресей мен Өзбекстанға кіруге рұқсат  бере ме белгісіз. Шекара ашық бола ма, ол туралы да әзірге хабарымыз жоқ? Біз мұны түсінеміз және күткеннен басқа амалымыз жоқ. Бірақ, қазірде туристерге арналған бірнеше бағытты әзірлеудеміз.

Көшпелі туризм

Көшпелі туризмге бағытталған туроператорлар қатты зардап шекті. Олар карантин кезінде саяхаттай алмаған адамдармен әлі де есептесе алмауда.

Орташа болжамдарға сәйкес, көшпелі туризмді қалпына келтіру үшін кем дегенде екі жыл уақыт керек

Көптеген елдер бірден ашылмайды ғой. Сонымен қатар, Шенген аймағында тек жаздың соңына қарай шекараны ашу ұсыныстары бар. Ең алдымен, виза алуға байланысты қиындықтар туындайды.

Көптеген авиакомпаниялар екінші дәрежелі бағыттардан бас тартады. Бұл билет бағасының өсуіне әкеледі

Қазақстан халқының қаржылық жағдайы айтарлықтай өзгерді, екі ай адамдар жұмыссыз және табыссыз отырды. Бір сөзбен айтқанда, көптеген факторлар туристердің саны айтарлықтай қысқаратынын көрсетеді. Осының барлығы алдағы екі жылда көшпелі туризмге бағытталған туроператорлардың бизнесіне теріс әсер етеді.

Қазақстанның ішкі туризмі

Сарапшы Қазақстанның ішкі туризмі әрқашан шетелдіктерге және туған еліне саяхат жасағысы келетін азаматтарымызға бағытталғанын айтады.

— Бұл жерде екі мәселе бар. Бірінші: Қазақстан Үкіметі 1 қарашаға дейін көптеген елдер үшін визасыз режимнің күшін жойды. Ал шетелден туристердің келуі көптеген туркомпанияға пайда әкелген еді.

Екінші мәселе — Қытай мен Үндістан азаматтары үшін транзиттік виза тоқтатылды. Яғни келетін туристерідің саны бірнеше есе аз болады. Биыл солай болары анық. Пандемия кезінде ешкім  саяхатштамады. Ал қазір маусымның ең қызған сәті болуы керек еді, Қазақстанда онсыз да саяхаттау  маусымы қысқа, сәуір айынан қыркүйек айына дейін ғана жалғасады.

Жалпы алғанда, 2020 жылдың маусымы құрдымға кетті десе де болады

Әрине бұнда турсистік фирмалардың кінәсі жоқ, барлығы пандемияға және  ТЖ мен карантин режимінің енгізілуіне байланысты болып отыр.

Экотуризм — бізге берілген мүмкіндік

Нұржан Алғашовтың пікірінше, енді ең басты мәселе: турфирмалар карантиннен кейін қалай жұмыс істейді? Ішкі туризм жағына қарай бағыт алған дұрыс.

—Енді бәрі карантиндік режимнің жеңілдетілуіне байланысты. Әзірге ол қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Маусым айының соңына дейін болуы мүмкін. Егер солай болса, туристік маусымның жартысы өтті деп санаңыз.

Егер 1 шілдеден бастап пойыз жүріп, ұшақтар ұша бастаса, тосқауыл бекеттерін алса және Қазақстанның барлық көрікті жерлерін ашатын болса, көптеген Турфирмаөз жұмысын ішкі туризмге қайта бағдарлай алады

Маржаның төмен болары анық. Бұл туризм саласында жұмыс істейтін турфирмалар алып үйренген табыс емес. Бірақ бұл жағдай ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Жалпы, мен бұл бізге берілген мүмкіндік деп есептеймін. Барлық туристік инфрақұрылым халқымыз үшін, еліміздің кез келген өңірінде  жайлы және сапалы сервистермен саяхат жасай алуымыз үшін жасалуы тиіс.

Егер көшпелі туризмінде жұмыс істеген ойыншылар ішкі туризмді дамыту үшін өздерінің барлық білімі мен технологияларын қолдана алатын болса, қазақстандық саяхатшылар бұдан тек қана пайда көреді.

Қазақстанға саяхат жасаймыз

Нұржан Алгашов Фейсбукте «Қазақстанға саяхат жасаймыз» тобын құрды. Онда 3,5 мыңнан астам адам жазылған. Топтың міндеті – Қазақстан ішінде саяхатттауға шабыттандыру. Мұнда барлық ақпаратты табуға болады.

— Мен әлемнің 40-тан астам елінде болдым.

Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысындағы сияқты басын мұз басқан  таулар барлық жерде бар деп айта аламын

Баянауыл және Қарқаралы ұлттық саябақтары секілді біздің тамаша ормандарымыз, Бурабай, Көкшетау ұлттық паркіндегі көлдер, Маңғыстаудағы керемет Марсиандық пейзаждар.

Еліміздің оңтүстігінде киелі орындар: Ахмет Яссауи және Айша бибі кесенелері де бар. Тарихты бағалайтындар үшін ежелгі қалалар да табылады. Шарын каньоны, Көлсай көлдері және көптеген қызықты, әдемі және танымдық орындар жетерлік.

Карантин барлық жоспарларды бұзды

Карантинге байланысты менің екі сапарым бұзылды.

Біріншісі Наурыз айына жоспарланған еді. Мен Өзбекстанға саяхат жасайтын топтың құрамында ұшуға тиіс болдым. Ұшардан  бір апта бұрын шекара жабылды, біз қонақ үйлердің бронын алып, билеттің ақшасын қайтаруға мәжбүр болдық. Жолымыз болып, барлығын шығынсыз қайтара алдық.

Екіншісі мамыр айындағы мерекелерде Маңғыстауға сапарға шығуымыз керек болатын. 12 адамнан тұратын топ 4 күндік джип-турға шығамыз деп жоспарлаған едік. Сол жерден Әзірбайжанға ұшып кетеміз дегенбіз. Билеттің ақшасын бізге әлі күнге дейін қайтармады. Бұл

қазір әуекомпаниялардың жағдайы мәз емес. Мен бұған түсіністікпен қараймын және жай ғана күтемін

Жаңа туристік трендтер

Батыстық және Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, бұрынғы  жұмыс қарқынын қалпына келтіру үшін туристік салаға кем дегенде екі жыл уақыт қажет.

— Менің ойымша, әуежайлардағы талаптар да өзгереді. Қазірдің өзінде кейбір өзгерістерді байқап отырмыз. Санитарлық қауіпсіздік шараларына байланысты рейске тіркеу бағыты да артты. Туристер онлайн тіркелуді үйренуі керек болатын шығар.

Артық байланыстарды болдырмас үшін, өз бетімен рейске тіркелу қызметін дамытатын шығар. Ұшақтарда ботта берілетін тамақтарды алып тастауы мүмкін. Әуе билеттерінің де бағасы қымбаттайды, себебі компаниялар транзиттік маршруттардан бас тартады.

Қазақстан пандемияға дейін де көп компанияларға қызықты емес еді. Енді бізден  British Airways, Austrian Airlines, Lufthansa кетіп қалды.

Сондай-ақ кқптеген туристің басқа адамдармен жақын жүрудан қорқау секілді побиялары пайда болуы мүмкін. Өзінің көлігімен саяхаттайтындардың саны артады. Экотрустардің де саны артуы мүмкін.

Бұл тренд біздің жағдайға сәйкес келеді, себебі Қазақстанның экотуризм бойынша әлеуеті жоғары.

Барлы күшті ішкі туристерге жұмылдыратын уақыт келді

Кемпингтер мен хостелдерді, этноауылдарды көбірек салу қажет. А нүктесінен В нүктесіне дейін қауыпсіз және жайлы жетуге м үмкіндік беретін жақсы тасымалдау қызметтерін ұсыну керек. Бұның бәрі Қазақстанның түпкір-түпкірінде дамытылғаны жөн.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз