Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Әлемдік нарықта уран бағасының қымбаттауына Қазақстан себепкер болды

Министрдің атап өтуінше, 2016 жылы әлемдік табиғи уран нарығында 80 пайыз уран өнімі белсенді өндірілді. Уранды өндірген негізгі елдердің қатарында Қазақстан, Австралия, Канада, Нигер және Ресей бар. Әлемде өндірілген уранның 39 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі.

«Қазіргі уақытта әлемдік уран нарығында уранға деген ұсыныстың артуы байқалады. Бұл тренд 2011 жылдан бері, ол Фукусимадан кейінгі кезең еді. Тренд жалғасуда. Өткен жылы табиғи уранның бағасы едәуір төмендеді. Бағасы жыл ішінде 40 пайызға түсті. Әлемдік табиғи уран нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты

2017 жылдың қаңтарында республикада уран өндірісінің көлемін 10 пайызға яғни, 22 мың тоннаға дейін төмендету шешімі қабылданды. Бұл әлемдік өндірістің 3 пайызын құрайды. Осы шешімнің нәтижесінде әлемдік нарықтағы уран бағасы 20 пайызға артқанын атап өтім келеді.

Алайда нарықтағы уранның артық үлесі 2020 жылға дейін сақталады деп күтілуде. Нәтижесінде уран бағасы құбылып, ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігі бұзылады деген болжам бар. Әлемдік уран нарығындағы қиын жағдайға қарамастан Қазақстан әлемдік нарыққа өзінің басшылық ұстанымын сақтауға қабілетті», – деді Бозымбаев.

Айта кетейік, Қазақстан барланған уран қоры бойынша әлемде екінші орында тұр. Барланған әлемдік қордың шамамен 12 пайызы еліміздің жер қойнауында шоғырланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз