Лондон және Нью-Йорк биржаларында жұма күнгі электрондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнайдың бағасы тағы арзандады.
Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 1,38 долларға дейін арзандап, 55,62 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы қараша айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 1,5 долларға арзандап, 59,29 долларды құрады.