Лондонның ICE Futures биржасында қаңтар айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы 64,2 доллар деңгейінде болды.
Соңғы рет мұнай бағасы 2015 жылғы 24 маусымда 64 доллар деңгейінде болған еді. Ал бүгін барреліне 63,03-тен асты, деп хабарлайды ТАСС.
Ал жұмада мұнай 2015 жылғы шілдеден бері алғаш рет 62 доллардан жоғарылады. Жексенбіде Сауд Арабиясындағы коррупцияға қарсы ауқымды күрес науқанының басталуы аясында одан әрі көтерілді.