Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әлемдегі карантин: швейцариялықтар нан жабуда, италиялықтар ЕО-ға өкпелі, ал вирустан көз жұмғандар азаяр емес

328

Швейцариялықтар не себепті қарақұмықтың орнына ұн сатып алуда?

Швейцариялық Swissinfo-да жарияланған мақаланың авторы Рикардо Франчоллидің айтуынша:

«Бұның жауабын әлеуметтік желіге үңіліп білуге болады. Швецарияның халқы қазір өз қолдарымен нан және пицца, түрлі тәтті тоқаштар пісіріп, суретін желіге жүктеп жатыр.

Каарантин режимінде Швейцария тұрғындарының бос уақыты көбейді

Біреулері қашықтан жұмыс істесе, басқаларының бизнесі жабылды немесе жұмыстан қысқарып қалды».

Италия жалғыз қалды

Немістің Süddeutsche басылымына берген сұхбатында Италия үкіметінің басшысы Джузеппе Конте италиялықтардың Еуропалық одаққа өкпелі екенін айтқан. Бұл туралы мақала авторы Оливер Майлер жазды.

«Еуропадағы кез келген елі коронавирустан Италия секілді зиян көрген жоқ. Мұнда COVID-19-дан 23 мың адам қаза болды.

Елдің оңтүстігінің тумасы, заңгер және құқықтану профессоры Конте 2018 жылдың  маусыманан бастап үкімет басшысы қызметін атқаруда. Ол «Бес жұлдызға» жақын болғанымен, бұл партияның мүшесі емес.

— Конте мырза, көптеген италиялықтар дағдарыс басталған уақыттан бастап сіздің еліңіз тағдыр тәлкегінде қалды деп есептейді. Еуропадағы бұрынғы серіктестер де көршілер де қол ұшын созбады. Италиялықтардың көңілі қалды. Бұл пікір шындыққа жанаса ма?

— Бұнда таласатын ешнәрсе жоқ, Италия жалғыз қалды. Урсула фон дер Ляйен (Ursula von der Leyen) де осындай пікірде, ол Еуропалық парламентте Евроодақтың атынын кешірім сұрады. Мен оның бұл қолдауын жоғары бағалаймын.

— Италияда Европаға өкпелілер саны артуда. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқандардың 35%-ы ЕО үміт артып отырғанын айтады. 

— Бұл біздің ішкі сезімдерімізге байланысты. Бізді

басқаларға қарағанда ЕО басымдықтарына көбірек ие болған елдерде қолдамады

Нидерландыға назар салыңызшы. Өзінің салық демпингі арқылы бұл елге штаб-пәтерлерін көшіріп әкелген  мыңдаған халықаралық концернді тартып отыр. Осының нәтижесінде оларда салық қаражатының ағыны көп, ал басқа ЕО елдеріндегі жағдай басқа. Tax Justice Network зерттеулеріне сүйенсек, жыл сайын ЕО елдерінде 9 млрд еуроға дейін есебі жоқ болып шығады екен».

Үндістанда туристер ақшалары жоқ болған соң бір ай бойы үңгірде тұрған

CNN хабарлауынша «согласно сообщениям полицейского инспектора Раджендра Сингх Катхайт атты полиция қызметкерінің мәліметіне сәйкес, Үндістанның солтүстігіндегі үңгірден алты адамды тапқан. Олар: Франция, АҚШ, Украина, Турция мен Непал азаматтары. Туристер Сварг Ашрамға көшірілген, онда 14 күн бойы карантинде болады».

Тәкапарлық пен теріс түсінік Ресейдің түбіне жетеді

Sohu атты қытайлық интернет-қолданушы Ресейде эпидемиялық жағдай не себепті ушығып кетті, қандай қателіктерге жол бердегі деген сұрақтарға жауап беруге тырысуда.

«Эпидемияның алдын алу және күрес тұрғысынан қарағанда ресейлік үкіметтің қолданған шараларына сын айта алмаймын. Бірақ Ресей өзінің батыс елдерін көбірек қолдайтынын көрсетті. Қытайда эпидемия тараған алғашқы кезеңдерде

батыс елдері бізді вирусты таратушылар деп ғайбаттап, қытайға қарсы көңіл-күй қалыптастырған еді

Ресей де біздің елді коронавирустың көзі деп қарастырғандықтан, екі елдің арасындағы хабарламалар қатаң бақылауға алынды. Сондай-ақ америкалық саясаткерлер вирус тек монғол нәсілінің адамдарына жұғады деген болжам жасаған, ал бұл Ресейді сақтық шараларын қолдануға мәжбүрледі.

Бірақ жан-жақты зерттеу жүргізгеннен кейін Қытай эпидемияның алғашқы көзі емес екені белгілі болды. Біз ешқашан кедейлікті жеккөріп, байлықтың соңына түскен емеспіз. Ресей біздің еліміз тарапынан келетін эпидемияның алдын алуға баса назар аударып, басқа жұқтыру көздеріне, әсіресе Еуропалық одақ елдеріне шекарасын ашық қалдырды.

Коронавирус адамдардың өмірін жалмауда

Science басылымына берген сұхбаттарында Мередит Уодман, Дженнифер Казин-Франкель, Джослин Кайзер, Кэтрин Матасич

емдеуші дәрігерлер коронавирустың адамның ағзасына басынан аяғына дейін зиын келтіретінін айтты деуде

COVID-19 бас миына, орталық жүйке жүйесіне және ішекке зақым келтіреді.

«Бүкіл әлем бойынша COVID-19 жұтырған  адамдар саны 2,2 миллионнан асты, 150 мыңнан астам адам көз жұмды. Зерханалық диагностика мамандары коронавирус адам ағзасына қандай зиян келтіруі мүмкін екенін түсінуге тырысуда. Олар

өкпенің эпицентр екенін біледі, алайда вирус жүректен бастап, қан тамырлары, бүйрек, ішек жолдары мен бас миын да зақымдайды деген қорытынды жасады

«Бұл ауру ағзадағы барлық мүшелерге зақым келтіреді, салдары сұмдық, — дейді Нью-хейвен ауруханасының кардиологы Харлан Крумхольц. Сондай-ақ ол COVID-19 туралы клиникалық деректерді жинау бойынша ауқымды жұмысты басқарады. Бұл аурудың қатыгездігі таңғалдырады және денеңді түршіктіреді».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз