Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әлемдегі бүгінгі ахуал барлық елдерді қорғаныс қабілетін нығайтуға мәжбүрлеуде – Назарбаев

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қарулы күштердің қорғаныс саласын дамыту мемлекет басымдығының бірі саналады. Бұл ретте, Орталық Азия өңіріндегі жалғыз саналатын KADEX халықаралық көрмесі қорғаныс саласын жүзеге асыруда негізгі рөлге ие болып отыр.

«Осы жылдардың ішінде ол ауқымды оқиғаның, қорғаныс әлеуетін нығайту мен елдер арасындағы әскери-өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың тиімді алаңдарының біріне айналды. Жаңа технологиялық дәуір қауіпсіздікті қамтамасыз етуде де, экономиканы одан әрі жаңғыртуда да аталған саланың айрықша маңыздылығын айқындайды»,- деді Елбасы.

Осы ретте, Қазақстан Президенті «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі алғаш рет ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығымен өтіп жатқанын еске салды.

«Бағдарлама өзінің форматы мен мазмұны жағынан барынша толыққанды және біз байқап отырған жаһандық геосаяси тұрақтылықтың өршуі жағдайында барынша өзекті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, елорданың халықаралық әуежайының әскери секторы аумағында V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өз жұмысын бастады. Ашылу рәсімінде Қазақстан Президенті KADEX көрмесінің басты ерекшелігін атады. Шара барысында отандық 17 кәсіпорын әскери техниканың 57 бірлігі мен әскери азаматтық мақсаттағы 162 бұйымның тұсаукесерін өткізбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз