Африкадағы соңғы монарх – Свазиленд королі III-ші Мсвати өз мемлекетінің атауын Эсватини Корольдігі деп ауыстырды. Бұл туралы Reuters жазады.
Бұл шешімін король өзінің және өз елінің тәуелсізідігіне 50 жыл толуына орай өткен мерекеде жария етті.
https://kaz.365info.kz/taldy-or-anskij-akkumulyatorlardy-ata-y-afrika-a-da-zhetti-247416
“Қайда барсақ та бізді Швейцариямен шатастырады (Swaziland – Switzerland)”, деді ол.
Эсватини Африканың оңтүстігінде орналасқан. ОАР мен Мозамбиктің ортасында жатыр.
Ұлыбританияға бағынған ел 1968 жылы тәуелсіздік алған. Халқының саны шамамен 1,35 миллион адам, бірақ нақты санды білмейді ешкім – ел халқының 26 пайызы иммун жетіспеушілігі вирусына шалдыққан.
Король III-ші Мсвати жас қыздарды қатты жақсы көреді. 2013 жылы ол өзінің 15-ші тоқалын, сұлулық байқауының финалисі атанған 18 жастағы қыз Синдисва Дламиниді алған.
https://kaz.365info.kz/kezinde-nazarbaevpen-kezdesken-tatar-yzy-lemni-aruy-atandy-225906
Tengrinews.kz