«Әлем аруы-2017» байқауы өз мәресіне жетті. Қытайдың Хайнань қаласында өткен сұлулық сынының қорытындысы жарияланды.
Бас жүлдені үндістандық Мануши Чхиллар жұлып әкетті деп хабарлады ТАСС агенттігі.
20 жастағы бойжеткен ата-анасының жолын қуып дәрігер атануды көздейді екен, сонымен қатар үнді және ағылшын тілдерінде сөйлейді.
ІІ-орынға мексикалық Андреа Мезе жайғасса, ІІІ-орынды британдық Стефани Хилл иеленді.
Ал жерлесіміз – Гүлбану Әзімханова Қазақстан ТОП-40 арудың қатарына енді және өзінің Head to Head Challenge тобында жеңімпаз атанды.