Синоптиктер 24-26-маусым аралығында еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық басылып, жаңбыр жауатынын болжауда.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Кеше күн қатты ысып, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында сынап бағаны 32-39 градус, кей жерлерінде максималды 40-43 градусты көрсетті.
Дегенмен алдағы үш тәулікте синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ыстықтың аптығы басылады, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, дауылды жел тұруы мүмкін, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Республиканың қалған аймағында Поволжьядан жылжып келе жатқан, салқын фронттардың әсерінен, сондай-ақ жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ пен қатты екпінді жел болады деп болжануда.