Алдағы үш күнде Қазақстан аумағына суық, ылғалды ауа массалары келеді. Оның ықпалымен республиканың көп бөлігінде жыңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
«Кей жерлерде өткінші қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы құбылмалы болады.
Өткен демалыс күндермен салыстырғанда, климаттық нормадан 1-4 градус төмен болуы ықтимал», – делінген хабарламада.