Синоптиктер 23-25 қараша аралығында ел тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.
Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте циклонның атмосфералық фронттары шығысқа ығысып, алғашқы күндері батыста, ал 25 қарашадан республиканың басқа да облыстарында қар аралас жауын-шашын болады.
Оңтүстікте жаңбыр, кей жерлерде тұман, солтүстік облыстарда көктайғақ күтіледі.
“Қазақстанның басым территориясына Сібір антициклоны жотасының әсері таралды. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, температура 5-10 градусқа климаттық нормадан жоғары болып сақталады. Тек республикамыздың шығысы мен оңтүстігінде нормаға жақын”, – делінген хабарламада.