Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алашорда зиялыларының бүгінгі ұрпақтары крест тағып жүр – саясаттанушы

531

Ресей қазақты отарлауда өздеріне лояльды истеблишментін, яғни, саяси ортасын қалыптастырып үлгірген. Демек, қазақтың ішіндегі отаршылдық истеблишмент пен өлкелік элита Кенесары Қасымов көтерілісінің жаншылуына мүдделі болды, оған ат салысты.

Одан бөлек, тағы мынандай бірқатар факторлар дами берді:

1) Тура сол кезеңде қазақта алғашқы бизнес орта – ортаңқол және дәулетті адамдар пайда болды. ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап, қазақ даласында жаппай қазақ бизнесі басталады.

Ол – мал сатып бизнес жасау бастаулары. Қазақ жұртшылығы орыс көпестері мен алыпсатар татарларға жылқы, қой, жүн, сүйек майы, мал терісін сатуды әр ауылда көлемді бизнеске айналдырды.Сонымен, қазақта бизнестің дамуымен бірге ақша жиналды. Қазақтың 15 проценті ортаңқол және дәулетті тұрмысқа жетті.

2) Жиналған қаржыны қазақ ата-аналары балаларын оқытуға жұмсады. Баласын орысша білім беретін жүйеге оқуға берді. Қазақта сол заманға сәйкес интеллигенция қалыптасты. Қазақтың интеллигенциясының бір тобы отаршылдық истеблишментінен және солардың ұрпағынан қалыптасты.

Қазақ баспасөзі: газет, журнал, кітапшалар шығып, кең тарай бастады. Ұлт талаптары мен керектігін бейбіт жолмен жүзеге асыру мақсаты қойылды. Бұл маңызды, қазаққа әсерлі және ықпалды саяси технологиялық құрал болды.

Алашорда әскері неге жеңіліске ұшырады?

3) Қазақта түрлі саяси мобилизациялар басталды: Қарқаралы петициясы, шоқындыруға қарсы, заңсыз түрде жерді тартып алуға қарсы, т.б.с.с. хаттарға қол жинау басталды. Ұлттық тіршілік мобилизациядан басталады.

Мобилизацияны ықпалды қауым тобы жасайды. Атап айтқанда, элита мен истеблишмент. Қазаққа ықпалды топ типті болды. Олар алдымен – өлкелік және ауылдың игі-жақсылары, екінші топ – алаш зиялы адамдары болды.

Ауыл ақсақалдары эмоциялы наразылыққа ілесіп, халықты 1916 жылғы көтеріліске апарды. Көтеріліс қатты жаншылды. Саяси мобилизациялардың екінші бағыты – алашшыл ұлтшылдар тарапынан басталды. Олар 1916 жылғы Патша Үкіметінің қазақты окоп қазуға жіберуін қолдады.

4) 1905-1907 жылдары буржуазиялық-демократиялық революция басталып, Ресейдің саяси режимі халыққа бірқатар либеральдық еркіндік берді. Олар – жиналыс жасау еркі құқығы, баспасөз ашу және оны тарату еркіндігі, аз ұлт өкілдеріне Мемлекеттік Думаға депутат сайлау мүмкіндігі. Енді қазақ зиялы қауымы сайлау кампаниясына қатысып өз жұртшылығынан сайланбақ болды.

5) 1905-1917 жылдарда қазақтың зиялы қауымы буржуазиялық демократия талаптарына сәйкес саяси күрес тәжірибесін жинады. Бұл парламентке – Мемлекеттік Думаға сайланып, оның жұмысына қатысу, фракцияларда жұмыс істеу, газеттер мен кітапшалар арқылы саяси-насихат, талаптар қойылған хаттар тапсыру әрекеттері. 1917 жыл Алаш қозғалысының саяси шыңы – екі съезд ұйымдастырып, Алаш орда Үкіметін тағайындап, әскер жинауы. Алаш әскері әлсіз болған жоқ, бірақ Кеңес Өкіметі әскері тым тәжірибелі,соны үлгідегі қаруланған болатын, сондықтан Алашорда әскері жеңіліс тапты.

6) Алаш-Орда 2 жыл үш ай жасады. Алашорда бірнеше мәжбүрлі қадамдарға барды:

а) Жергілікті өктем билікті мойындап (Омбыдағы Сібір автономына бағыныштылығын, Орынборда билікке келген Дутовқа), тек автономия талабын орындамақ болды;

ә) Қазақ үлесі 60 процентке артты, алайда қалада қазақтың үлесі жоқтың қасы болды. Бұл жағдай Алашорда жеңілісінің алғышарттарының бірі болды;

б) Алашордашылдар Кеңес Үкіметімен ымыраласпақ болып, келіссөздер жүргізіп, Кеңес Үкіметінің басшылығын мойындап Қазақ автономдық Кеңес республикалық статусын мойындады. Енді қазақ елінің Шекарасы, автономиялық статустағы легитимді Үкіметі, ұлтаралық құқық теңдігі айқындалды;

в) Кеңес Үкіметінен амнистия алғаннан кейін, Алаш қайраткерлері білім мен халық ағарту ісіне кірісті. Алаш қайраткерлерінің бұл еңбегі жемісті болды.
г) Алашорда қайраткерлерінің бір тобы Қытайдың Шығыс Түркістаны өлкесіне өтіп, сол өлкенің қазағына алаш идеялары тұнығынан қандырды. Бір топ алаш қайраткері Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары Түркістан легионында болды. Батыста белгілі тұлға Мұстафа Шоқай еді.

Алашорда ұрпақтары орыстанып тынды

д) Кезінде мәдениет саясаты Институтында істегенде біз алашордашыларды фотосуреттерін жинауды мақсат қойып, Алаш қайраткерлерінің ұрпақтарымен хабарласытық.

Менің жеке басымның байқауымша, Алашорда қайраткерлерінің ұрпақтарының басым көпшілігі орыстанып кетіпті, кейбіреуі тіпті орыс болып кетіпті, кейбір ұрпағы (аты- жөнін айтпайын) крест тағып жүр.

Оның себебі – алаш зиялыларының орыс пен татарлармен аралас некеге тұруы. Репрессияланған алаш зиялылары ұрпағының орыстануы сол заманның бір зардабы десе болады.

Алаш қайраткерлерінің еңбегі зая кеткен жоқ, қазіргі демократиялық буржуазиялық дәстүр жалғасын табуы керек еді.

Бірақ қазіргі депутаттар корпусында орысшылдық басым, бұл жағдай барлық басқарушылық элита мен истеблишментке қатысты.

Алаш зиялылары қалдырған саяси дәстүр-демократшылдық пен ұлтшылдылық жалғасын таппаған сияқты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз