Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

“Алашорда” болмағанда Қазақстан да болмас еді…

312

Егер таразының бір шетінде тұрған Әлихан Бөкейханов бастаған топ Тұрар Рысқұловтың дегеніне бас иіп, көнгенде — бүгінгі қазақ мемлекеті болар ма еді, болмас па еді?
https://kaz.365info.kz/khazakh-nege-mangyrt-tyrsyn-zhyrtbaj-305347
Осы бір күрделі сұраққа кезінде белгілі алаштанушы Тұрсын Жұртбай былай деген:

Қазір Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқайды қарсы қойып, онда да Әлиханды төмендетіп, Мұстафадан Бөкейхановтан да зор ұлттық көсем жасағысы келетіндер пайда болды. Солай істеп те жатыр. Мұны мемлекет те қостап, дем беріп отырған сыңайлы.

Иә, неге? Оның астары терең, пиғылы арам, бұл – ұлттық берекенің емес, әрекенің, алашты ірітудің саяси айласы. Бар сылтауы – түркістандық идеологияны насихаттау деген желеу.

Ал түркістандық идеология – түркі идеясы емес, ол өзінің маңызын жойған, жүзеге аспаған, уақытша саясат арқылы жүзеге асырылуға ұмтылған мемлекеттік құрылым.

Ортақ Түркістан мемлекетін құру идеясын ұсынған большевиктер Оның авторлары – Ленин, Троцкий, Сталин, солар жіберген кеңес үкіметінің өкілдері – Түркістан комммунистік партиясының бірінші хатшысы, Түркістан Атқару комитетінің төрағасы, «Мусбюро», «Түркістан комиссиясы», жергілікті ұлт өкілдерінен Тұрар Рысқұлов, Усманқожаев, Қожаев және… Мінәуар Қари, Мұстафа Шоқай. Бір сөзбен айтқанда, идеяның авторлары мен орындаушылары осылар.
https://kaz.365info.kz/khandajmyz-biz-khazakh-orkenietten-kesh-khalgan-ylt-pa-310365
Әрине, Мінәуар Қари мен Мұстафа Шоқай большевиктерсіз Түркістан мемлекетін құруды көздеді. Мұны түсіну үшін сол тұстағы партиялық құжаттарды парақтап шықса жетіп жатыр. Кексе тарихшылар партиялық құжаттарды жатқа біледі, ал бөзөкпе тарихшылар саяси сауатсыздық пен тарихи сауатсыздықты жою мектебінен өтпегендер. Әйтпесе Қоқан автономиялы республикасының тұңғыш премьер-министрі Мұхамеджан Тынышбаев ай жарым уақыттан кейін неге лауазымнан бас тартты? Ол кезде бұрынғы Бұқара мен Хиуа, Қоқан хандығы өз алдына дербес мемлекет болатын. Өзгесін былай қойғанда, осы үш мемлекет бір-бірін мойындап болмаған. Большевиктер соның басын біріктіру үшін ортақ Түркістан мұсылман мемлекетін құруға мүдделі болды. Тарихшылар көбіне істің мән-жайына сол кездегі қалыптасқан тарихи жағдайға байланысты баға бермей жатып, үстірт, жалаң идеяны көбіршіктендіріп бетінен қалқып кетуге бейімделіп барады. Бұдан сақ болған жөн. Оның ар жағында қандай астар бар? Соны ашып, нақты бағалап, тәуелсіз Қазақстанға пайдасы тиетін тұжырымды ұсынғаны жөн шығар деп ойлаймын. Бір мысал айтайын, бір тарихшы доктор, профессор бауырымыз кеңесте былай деп сөйлеп тұр: «Алаштың қателігі Түркістан идеясын мойындамағаны», – дейді.

Шыдамадым, өз пікірімді білдірдім.

«Егер Алаш партиясы, яғни, «Алашорда» үкіметі Түркістан идеясын мойындайтын болса, онда қазіргі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті болмаған болар еді. Ал қазақ мемлекетінің, ары кетсе Т.Рысқұлов пен С.Қожанов, М.Шоқай ұсынғандай, жалпы Орта Азия мемлекеттерінің құрамында, бес облыстың көлемінде өмір сүріп жатқанын қайтіп көз алдыңызға елестете аласыз. Және сол кезеңдегі тарихи, саяси, шекаралық жағдай қандай еді?» – деп сұрақ қойдым.

Үндемейді.

Шынтуайтына келгенде, ол кезде солтүстік алты облыс – Семей, Қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Кереку, Қызылжар Батыс Сібірге, ал солтүстік батыстағы – Торғай, Қостанай, Орал облыстары Орынборға, Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Атыраудың жартысы, Маңқыстау түгелдей Түркістанға қарайтын. Міне, қазақ жері өстіп үшке бөлініп жатты. Ал «Алашорда» автономиясы сол кездегі Торғай, Қостанай, Орал, Орынбор аймағын ғана қамтыды. Осыны ескере келе «Алаш» басшылары: қазақ жерінің қидаланған тұстарын біріктіре отырып, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруды ұлттық және саяси мақсат етіп қойды. Мұны ұсынып отырған әрине, Шоқай емес, Бөкейханов.
https://kaz.365info.kz/khazakh-olejin-dep-tyr-tyrsyn-zhyrtbaj-297489
Енді Мұстафа Шоқайғаға келейік. 1918 жылы түске дейін өткен жиналыста Мұстафа Қоқан мемлекетінің төрағасы болып сайланды, алайда екі жарым сағаттан кейін қызылдардың шабуылы басталып, Шоқай бас сауғалап ол жерден әзер қашып құтылған еді. Міне, көрдіңіз бе, Қоқан мемлекеті де, Бұқар мемлекеті де, Хиуа мемлекеті де Түркістанды және оның жаңа премьер-министрін мойындап үлгерген жоқ. Егер де Тұрар Рысқұлов айтқандай, Түркістан мемлекеті құрылатын болса, онда осы күнгі Қазақстанға қандай сыбаға бұйырар еді, шығыстағы, солтүстіктегі, батыстағы облыстар қайда қалар еді?

Өздеріңізге мәлім, біз өзбектен «Түркістан» деген атауы ғана бар, он-он бес үйден құралған ауылды қайтарып ала алмай қойдық. Ал бес облысты олар өлсе бере ме бізге? Жоқ. Ешуақытта. Батыс Қазақстансыз қандай Түркістан мемлекеті болуы мүмкін?

Сондай-ақ, Батыс пен Шығысты Сібір мемлекеті, яғни, Ресей мәңгі-бақи бізге бермес еді.

Міне, түркістандық идея дегеннің астарында осындай тарихи кілтипан жатыр.

Ал, алашордашылар және С.Сәдуақасов бастатқан жас қайраткерлер Қожановқа қарсы болды, – дейді біздің оппонентіміз. С.Қожановтың идеясы не еді? Қожанов: Түркістан республикасы болсын, бірақ осыған қарайтын бес облыс Қазақ автонмиясы болып жариялансын – деген ұсыныс айтты. Ол шығыс, солтүстік, батыс облыстардың қосылуын қалыс қалдырды. Сонда бұл да алаш қайраткерлері қолдайтын ұсыныс па? Сол автономияның өзіне Т.Рысқұлов үзілді-кесілді қарсы шықты. Яғни,

бұл – кезіндегі біртұтас қазақ елі мен жерін бөлшектеу болып шығады.

Олардың идеясы жүзеге аса қалса, бүгін Торғай мен Орал өңірі ғана Қазақстанның территориясы болып қалар еді.

Бөкейхановтар айтысып-тартысып отырып, бөлшектенудің аз-ақ алдында қалған қазақ жерін біртұтас орда болатындай етіп, 1920 жылы 24 тамыз күні Лениннің қолымен мәңгілік бекіттірді ғой.

Сонда бұл да қателік пе? Біз Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі мен жерінің шекарасын мойындайтын болсақ, осы идеяны да мойындауымыз керек қой…

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/massagan-khytajkhazakh-boluga-dajyndalyp-zhyrmiz-ba-311638

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз