Алматы облысы Алакөл ауданына қарасты Ақтүбек ауылының тұрғындары жыланмен шайқасып әлек.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Мұндағы мектепте жыландар мұғалімдер мен оқушыларға шабуыл жасаған. Мазаларын қашырған жыландарды жоюға тұрғындар көмек сұрауда. Ол аздай білім ордасында сәбилерге арналған орталық та бар екен.
Сұмдығы сол, жыландар әр жерден шығып жатыр, – дейді тұрғындар.
Ал кішкентай балаларды мектеп басшылығы әр қабатқа қашырып әлек.