Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Алға Қазақстан” деп айғайлайтындар патриот емес

167

Алматыдан 100 шақырым сыртқа шықшы, мүлде бөлек әлем. Жолдар сонау 1945 жылдан бері жөндеу көрмеген. 

Жастар араққа салынған. Ұрлық-қарлық, қылмыс көбейіп барады. Елдің бәрі аштан қатпау үшін қалаға қашуда. Енді келіп онсыз да жан сақтай алмай отырған жұрт, ауылдан қалаға келгені үшін қалтасынан ақша төлеу керек пе? Құдай тұр ғой, егер кім де кім тіркеу туралы мәселемен үйіме келер болса, сол арада жанын жәһаннамға жіберем. 

Қазақстан мұнай, газ, алтын, күміс, уран, мыс, көмір қоры бойынша әлемнің алдыңғы 5-тігіне кіреді. Халық осы байлықтың қызығын көріп отыр ма? Ал билікте ұят жоқ. Бұдан кейін қарапайым халықты тіркеуі болмағаны үшін айыппұл салып жазаламақсыздар ма?

Анығында, “Алға Қазақстан” деп айғайлайтындар патриот емес, халқының мұң-мұқтажын жан-тәнімен сезінетін адамдар патриот. Елімізде  шешімін таппаған қаншама мәселе бар, ал бұлар болса баспанасыз жүрген қазаққа  тіркеу туралы заңды ойлап тауыпты”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз