Танымал қазақстандық актер Санжар Мәдиев тұңғышының тұсауын кестіріп, дүркіретіп той тойлады.
Бұл туралы желіде Санжардың өзі жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.
Санжар 2014 жылы Мөлдір есімді арумен бас қосты. 2016 жылдың жазында актер алғаш рет әке атанып, қызды болды.
БАҚ-қа берген сұхбатында Санжар Мөлдірдің суретін ғаламтордан көріп ғашық болғанын айтқан еді. Алғашқы кездесуге барар жолда танымал актер жол апатына ұшыраған. Абырой болғанда, апаттан оңай құтылып, кездесуге кешігіп барған. Тағдырдың белгісі деді ме екен, содан кейін Мөлдірді құшақтап, ешқашан жібермейтінін ойлаған.