Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Актер Сағи Әшімовтың соңғы сұхбатынан үзінді

358

Бірде әкем кезекті эпизодтан кейін: “Мен тәуекелге барып осындай қиын басты рөлге сені таңдадым. Бекер болған екен. Сенен ештеңе шықпайды” деп қатты ашуланды да, түсірушілерді ертіп кетті де қалды.

Мен киіз үйде жалғыз қалдым. Жанымды қоярға жер таппай көйлегімнің дала-даласын шығарыпжыртып, түні бойы намыстан өртеніп кете жаздап жылаумен болдым.

Таңертең әкемнің “Сағи” деп айқайлаған даусынан оянып кеттім. Әбден қалжырап шаршағанмын, қарным ашып барады, екі көзім қып-қызыл. Кенет әкем: “Түсіру алаңын дайындаңдар! Науқас Шоқанды түсіреміз!” деп айқайлап жіберді.

Сол жолы менің үрейлі жүзімді көрген бір бөгде кісі: “Асеке, мынау шынымен сіздің балаңыз ба?” деп таңқалғаны бар.
Мен әкеме сол күндері қатты ренжитінмін…

1999 жыл.

Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз