Павлодар облысының ауылдық әкімі кітапты көп оқыған оқушыға тірі ешкі сыйлады.
Оның айтуынша, әкімшілік бұл байқауды Тереңкөл ауылы кітапханасының ғимаратында өткізген. Әкімшілік кітапсүйер зейнеткерлер мен жастарға да азық-түлік өнімдері бар дорбалар сыйлаған.
Айта кетейік, бұл Аждар Жүсіпов өткізген жалғыз қызықты әрі ерекше акция емес. Мысалы, ол бұған дейін үздік аула байқауын өткізіп, жеңімпаздарға тірі әтеш сыйлаған. Басқа да байқауларында лақ, қозы, торай сияқты сыйлықтар берген.
Масленница мейрамында Аджар Жүсіповтың бастамасымен ауыл халқына жергілікті аспаз үлкен торт әзірлеген.
Ал тоғызыншы мамыр күні Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлерін лимузинмен қыдыртқан.
Аждар Сагынтайұлының мәліметінше, Тереңкөл әкімшілігі 8 Наурызды тойлауға дайындық үстінде. Ол кәсіпкерлермен ауылдың көпбалалы аналарына тосынсый дайындап жатқанын айтты.