Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әкімнің орынбасары: Балалар тоңса көрпе алып келіп, жамылып отырсын

232

Биыл мектепке газ құбыры жүргізіліп, тіпті қысқы каникул кезінде арнайы газ пешін орнатуы керек болған. Алайда білім бөлімі алдырған газ қондырғысы мектепке сай келмей қалған.

Қазіргі уақытта мектепте тозығы жеткен жылыту қазандықтары жағылады. Бірақ, көмір пайдаланылатын бұл пештер мектепті жылытпайды. Себебі мемлекеттен бөлінген көмірдің сапасы тым нашар. Бірінші қабатта жылу температурасы +12 – +14 градус. Екінші және үшінші қабаттағы жылу батареясы салқын, ол жаққа жылу жетпейді.

Мектептің ата-аналары мен ұстаздары басшылыққа бірнеше рет шағымданған. Тек тексеріс келетін кездері ғана жылыту қазандықтарының температурасы жылынады екен.

“Тексеріс келгенде мектеп +5 градустан +20 градусқа дейін жылынады. Олар кеткен бойда қайта салқындайды. Ата-аналар жиналысына әкімің орынбасары да келді. Ол былай деді: “егер қазір сынып бөлмесінің температурасы +9 градус болса, бұл қалыпты жағдай. Егер балаңыз тоңса көрпе алып келсін де, жамылып отырсын””, – дейді ата-аналар комитетінің жеткешісі Юлия Сембаева.

Мектепте 1250 оқушы оқиды. Ұстаздар мен шәкірттердің арасында суықтап қалып, сабаққа келме алмай қалатындар да көп.

Басқа амал жоқ қой. Басқа не істейміз. Жылда осыны жағып жатқан сол көмір. Жылда үкіметтің берген көмірін жағып жатырмыз. Біз әкелген нәрсені жағамыз. Қабылдаймыз. Бірақ, сапасыз екенін түсінесіз ғой?”, –дейді жылу беру компаниясының өкілі Жаңабай Қазыбеков.

Көмір жаман емес, тек сақтайтын қоймасы нашар болған соң ол жылу маусымына дейін сапасын жоғалтады дейді шенеуніктер. Ал мектепке сай емес газ қондырғысының әкелінгенін өздерінен көрмей, бар кінәні жеткізуші компанияға артты.

“Қазандықтар әкелгенде ол модульный қазандық. Мердігерлер сотқа шағым түсірді. Қазір Шымкентте сот боп жатыр. Ал бірақ ол котелды ертең әкетіп, орнына 700-дік қазандық әкеледі. Ол дер кезінде уақытылы орнатылады”, – дейді Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Төребеков.

“Егер мемлекет балалардың жағдайын ойласа мекемелерге газ берілсе білім деңгейі де жақсы болар еді. Бұл жағдай біздің мектепте ғана емес. Мырзакенттегі көптеген мектептерде бар мәселе”, -дейді орыс тілі пәні мұғалімі Ләйлә Мамедова.

Қатты суық болған кездері мақтааралдық кей мектептерде сабақ уақыты 40 минуттан 30 минутқа дейін қысқартылады.

Осы жылы Мақаарал ауданы басшылығы 154 миллионға 47 газ қазандық сатып алды. Ауданда 100-ге жуық мектеп бар. Барлық мектепке газ құрылғылары орнатылды, бірақ қосылмаған. Тек, Мырзакент мектебіне ғана газ құрылғысы сәйкес келмей қалған.

Басшылардың айтуынша, дүйсенбіден бастап Мырзакент мектебі газбен жылынып, оқушылар мен ұстаздар кәдімгі мектеп формасымен жүре алады. Шенеуніктер биылдан қалдырмай аудандық білім ошақтарындағы жылу мәселесін шешеміз деп уәде берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз