Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Әкім Астана тұрғындарын қатты аязда бір-біріне көмектесуге шақырды

Оның айтуынша, көлік жүргізушілерінің аялдамада тұрған адамды жеткізіп тастағаны жөн. Сондай-ақ аудан әкімі көлігі оталмаған адамдарға да көмектесуге шақырды.

“Көлік жүргізушілері, жаяу жүргіншілерге жол берейік. Қалада ұсақ, бағдаршамы жоқ көшелер көп, ол жерде адамдар көліктер өтіп кеткенше күтіп тұрады. Аязды күндері жаяу жүргіншілерді жиірек өткізіп жіберуге тырысайық. Сіздер жылы жерде отырасыздар, ал олар аязда тоңып қалады”, — дейді әкім.

Наверное не осталось в столице человека , который бы не слышал, что надвигается арктический антициклон, наступают…

Gepostet von Арман Турлубек am Samstag, 20. Januar 2018

Бұдан бөлек, ол мұндай күндері таксиге тапсырыс көп түсетінін айтып, такси жүргізушілерінен бағаны шарықтатпауды сұрады.

“Әркім ізгі іс істей алады. Сіздер жасаған жақсы істің өзіңізге және туғандарыңызға қайтып келетініне сенімді болыңыз. Игі істер жасауға асығайық!”, — түйді сөзін шенеунік.

Айта кетейік, синоптиктер елімізде 45 градусқа дейін аяз болатынын айтып, дабылды ескерту жариялады.

Фото: © Sputnik / Игорь Онучин

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз