Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
16
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

“Ақымақ екен”. Қазақ кәсіпкеріне қошқарын 5 мың долларға сатқан қырғыз бөсіпті (фото)

125

Шу облысы Мәскеу ауданы Александровка ауылының 56 жастағы тұрғыны гиссар тұқымды қой өсірумен айналысады екен. Ол Корабль атты қошқарды 5000 долларға қазақ кәсіпкеріне сатқан. Мұхамет ұсақ қара малды рекордтық бағаға сатқанына мәз болып, бұл жаңалық елге тез тараған. Гиссар тұқымды қойды өсірумен ол 18 жылдан бері айналысып келеді.

«Қожалықта тек гиссар тұқымды қойлар ғана бар. 2000 жылы Тәжікстанда болдым, сонда осы тұқымды сатып алдым. Содан бері әр екі жылда тұқымды жақсарту үшін қошқарларды жаңартып отырамын. Қазір менде 30 бас қой бар. Бір үлкен қошқарды саттым, оған Корабль деген есім де бердім.

Ол Қырғызстанда ғана емес, Қазақстан аумағында да белгілі. Жотасының биіктігі – 1 метр 8 см, ұзындығы – 1 метр 50 см. Салмағы – 190 келі. Өткен жылы қазақ кәсіпкерлеріне 5 000 долларға сатқанмын. Корабльдің жасы 7-де.

Алдағы уақытта Корабль сияқты жақсы тұқым алғым келеді», – деді фермер.

Бұл жаңалықты әлеуметтік желіде талқылағандар қазақ кәсіпкерін сынға алған. Мәселен, біреу: „Одан да бір жақсы көлік сатып алмай ма, ақымақ екен„ деп жазады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз