Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде жас босанған ана сәбиінің шетінегеніне министрлікті кінәлап отыр

Мейрамгүл Өтепбергенова құрсағында тоғыз ай көтерген сәбиін бір күн де болса бауырына басып үлгермеді. Әйелдің жатырында жатып тұншығып қалған шақалаққа дәрігерлер дем салған. Алайда ол жансақтау бөлімінде шетінеп кетеді. Ал жас босанған ананың айтуынша, жүктілік кезінде денсаулығы сыр бермегін. Ол бірнеше рет тексеруден өтіп, қан тапсырған.

«Барлық анализ дұрыс болды. Мен скрининг бойынша 3 УДЗ өттім. Жүктілігімен 39 апта болғанда да өзім үшін УДЗ жасаттым. Ол кезде бәрі дұрыс екенін көрсетті. Сәбидің бүйрегі, өкпесі,  аяқ-қолы, басы, бәрі сәйкес келіп тұрған болатын. Салмағы 3 келі  428, бойы  54 см болып дүниеге келді. Сәби жетіліп тұр ғой» — дейді  Ақтөбе қаласының тұрғыны Мейрамгүл Өтепбергенова.

Толғағы қысқан келіншекті перзентханаға жеткізгеннен кейін, ол дәрігерлерден көмек сұрап, жатырының ауырғанын айтқан. Алайда дәрігерлер денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бұйрық бойынша, тура бір тәулік өтпей босандыра алмайтынын айтыпты.

«Менің суымның түсі өзгере бастады. Ал медбикелердің айтуынша, мұндай  болып тұрады екен. Сол хаттаманы өзгерту үшін, статистика бойынша қанша бала өлуі керек?», — дейді Мейрамгүл Өтепбергенова.

Алайда өздеріне шаң жуытпай отырған перзентханадағы дәрігерлер керсінше, келіншекті кінәлайды.

«Ол жүкті болған кезде, сәбиде созылмалы гипоксия болған. Сол үшін  тізімде тұрған. Дәрігерлер қарады. Әйелдің анализдері жақсы болған жоқ. Оның дәретінен лейкоцитоз табылды”, — дейді Қарғалы қалалық ауруханасы босандыру бөлімінің меңгерушісі Дариға Осмағанбетова.

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер осыдан төрт жыл бұрын қабылдаған хаттамадағы ережеде көрсетілгендей, толғағы қысқан келіншекті 24 сағатқа толтырмай ерте босандыруға тыйым салынған. Аталған құжат бойынша, әйел су кеткеннен кейін бір тәулік ішінде өзі босана алмаған жағдайда ғана дәрігерлерге өзге шаралар қолдануға болады екен. Алайда көп жағдайда сәбидің аман туылуына көмектесу үшін тым кеш болатын көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз