Ақтөбелік Расул мен Полина Саматовтар отбасында үлкен қуаныш – Полина үшемді дүниеге әкеліп, үйіне шықты. Жаңа туған сәбилерге Әмин, Әмір және Айша деген есімдер қойылды.
Бұған дейін бұл отбасында Даяна (5 жаста) және Ислам (3 жаста) есімді екі бала болған. Үшемнің келуімен олар бес балалы отбасы атанды.
Ақтөбе медицина орталығының дәрігерлері бұл жүктілікті ерекше жағдай деп бағалап отыр. Акушер-гинеколог Светлана Шиканова үшемнің табиғи жолмен дүниеге келгенін, ал көпбалалылықтың отбасында тұқым қуалайтынын айтты.