2016 жылдың 27-мамырында Сергей Мунтян есімді Ақтөбе тұрғыны Жеңіс даңғылында тас жолдың ойығына түсіп, көлігін оңбай бүлдірген.
Сергей Мунтяның “БМВ-728” көлігі 13-ші үйге қарама-қарсы жерде ойыққа түсіп кетіп, қатты зақым алған.
Көліктің рөл трапециясы, сайлентблоктары, амортизаторлары мен иінтіректері, сондай-ақ, төсемдері мен резеңке, бамперлері істен шығыпты.
Жалпы сараптама мен мемлекеттік баждың, сондай-ақ, қызмет көрсету өкілдеріне кеткен шығындардың сомасы 625 мың теңгені құраған.
14 қараша күні мемлекеттік айыптаушы жүргізушіні жақтап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қалалық бөлімшесі зардап шеккен көлік үшін жауап беруі тиіс екенін айтты.
Ақтөбе қалалық сотының судьясы Ирина Буйваренко тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жүргізушіге 625 мың теңге төлеу қажеттігі туралы үкім шығарды.