Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақтөбеде лифтіде жаншылып өлген тележүргізушіге қатысты жаңа мәліметтер шықты

28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың дәл осы лифтіде жаншылып қаза тапқанына тура бес ай болды. Сол уақыттан бері бірнеше техникалық сараптама тағайындалып, сот отырысы да кейінге шегеріле берді. Бұған айыпталушының бірі – механик Жарылқасын Ақжановтың жүрегіне ота жасалуы себеп болған. Ол ауруханадан шыққан бойда процесс те басталды.

https://kaz.365info.kz/dausy-tokhtar-emes-zhurnalist-zhezokshe-zhatkhan-paterge-enip-keldi-video-330427

“Лифтіні пайдалануға берген кезде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ешқандай шара қолданбаған. Ақауы бар жеделсатыны іске қосқан. Оған тағайындалған сараптама қорытындысы дәлел бола алады. Сотта жауап беріп жатқан кооператив директоры мен механик бірін-бірі кінәлап отыр. Бастығы техникадан хабарым жоқ деп ақталса, лифтіні жөндеу үшін жалданған маман сүттен ақ, судан тазамын деп басын алып қашады”, деді мемлекеттік айыптаушы  Асхат Сәрсенбаев.

“Бұл үйдің лифтісі бұрыннан тозған. Тұрғындардың өтініші бойынша қолдан келгенше оңдап жүрдік. Соңғы рет қайғылы оқиға болардан төрт күн бұрын ғана Ақжановқа ақша беріп жөндеуден өткізген едік. Айзат Әбдісамат лифтіге қысылып қаза тапқанда жанында кішкентай қызы болған. Қазір ол әкесінің қолында тәрбиеленіп жатыр. Марқұмның күйеуінен бастап, барлық туыстары қос айыпталушыға ешқандай кешірім жоқ дейді”, дейді «Жаңабеков-сервис» ЖШС директоры.

“Ешқандай да маған материалдық, моральдық өтемақының  қажеті жоқ.

Менің баламның өліміне кінәлі адамдар әділ жазалансын деймін. Қазіргі жағдайда үш жасар сәби өзінің анасына “мама” деген сөзді айта алмайтын жағдайға жеткізді олар. Себебі, анасының өлімін көрген сәби анасын сұрамайды”, дейді марқұмның анасы.

https://kaz.365info.kz/akhtobede-mektep-tylegin-oltirgen-altyn-belgi-iegeri-okhiganyn-khalaj-bolganyn-ajtty-330421

Айзаттың өліміне себепші болған лифт бес айдан бері істемейді. Оған сол күйі жөндеу де жүргізілмеген. Ақтөбеде осы қайғылы оқиғадан соң тоқтап тұрған жалғыз жеделсаты бұл емес. Өйткені жаппай тексеруден кейін ескіргендерінің бәрінің есігін жауып тастаған еді. Ал жаңартуға тұрғындардың да, әкімдіктің де ақшасы жоқ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз