Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ақтөбеде айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ісіне қатысты жаңа деректер шықты

235

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Кісі қолынан қаза тапқан Ерхан Тілеуімбетовтің туыстары тергеушілердің тірлігінен түңіліп отыр. Тәртіп сақшылары бір жарым жыл бойы ешбір дәйек таппаған соң тексеруге өздері кіріскен. Кәсіпкерді базардың қақ ортасынан алып кеткен көлік пен адамды анықтау үшін Ресей мен елдегі киностудиялардың да көмегіне жүгінеді. Бірақ джиптің нөмірін ақыры біле алмаған. Ал адам сұлбасын тануға тәртіп сақшылары ешбір құлық танытпады деп отыр.

“Бұл сырттан келген көлік емес. Осы қаланың ішіндегі көлік. Қарасаң кез келген саналы адам түсінуге тиіс. Өйткені кірген машина, кірген адам қолын көтеріп амандасып тұр”, деді марқұмның нағашы әпкесі.

Ерханның өлімінен соң белгісіз біреу анасын кездесуге шақырады. Куәгер марқұмның анасына көліктің нөмірін айтып, қылмыскер туралы болжамын да жеткізген. Ол туралы тергеушілерге ескерткенімен, мән бермепті.

Қарағандыда өлген адамның мүрдесін саудаға салғандар шатылып жатыр

“Осы уақытқа дейін дұрыс ештеңе жасалған жоқ. Айтқанын диктофонға жазып алып бердім. Телефонды сол күні пайдаланып, нөмірді лақтырып тастаған. Нөмірді лақтырып тастаған жағдайда да ол баланы іздеуге болады ғой”, деді марқұмның анасы.

Қазір кәсіпкердің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтап тұр.

“Қазіргі таңда тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша кінәлі адамның анықталмауына байланысты қылмыстық іс бойынша тергеу мерзімі үзілген. Облыстық прокуратура аталған шешімнің заңдылығын тексеруде”, деді Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастышы.

Тәртіп сақшылары күдікті анықталмай, болмаса қосымша айғақтар табылмай істі қайта тергеуге алмаймыз деп отыр. Дәл осылай істі олар жаз ортасында тоқтатып тастаған еді. Кейін марқұмның туыстарының арызынан соң қайта қозғаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз