Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтөбе облысында зейнеткер ескі заттардан көлік құрастырып шығарды

Кейін жүрмей қалған көліктерді сатып алып,  жарамды бөлшектерін пайдаланып, толыққанды көлік жасауға кіріскенін айтады.

Самат Раймов көлікті құрастыру үшін ескі теледидар, тоңазытқыш, үйдің есігі мен топсасы, жигулидің маторы мен доңғалақтарын пайдаланған. Ерекше көліктің есіктері мен тұтқаларына дейін қолда бар ескі заттармен жасалған. Тұтқасы – кәдімгі үйдің есігінен алынған, ал капот пен есікті ашып-жабу үшін есік топсасы пайдаланылған.

Кесетін арнайы құралдары болмағандықтан, қолда бар заттарды үйлестіріп, терезелерді ыңғайына қарай таңдаған. Тоңазытқыштың қаңылтырлары мен темір бөшкелерді түзетіп, көлікке қажетті бөлшектерге айналдырған. Орындықты да қолдан жасап, алдына екі адам сыятындай етіп орналастырған.

«Білесіздер ауылда ақша жоқ. Көлік жасап шығуды көптен ойлап жүрген едім. Зейнетке шыққан соң түскен ақшаға екі жигулиді 100 және 50 мың теңгеге сатып алып, олардың бөлшектерін пайдаландым. Тоңазытқыш қаңылтырларын темір қайшымен кесіп есік жасадым. Жобасын дәптерге сызып отырып жасап алдым. Жайлап үйдің шаруасына пайдаланып жүрмін», – дейді кейіпкеріміз.

Кабинасын құрастыруда әртүрлі көліктердің терезелерін үйлестіріп қолданған:

– алдыңғы терезе – Ниваның артқы әйнегі

– жанындағы терезе – ескі УАЗ көлігінен

– артқы терезе – бұрынғы автобустан алынған

Көліктің техникалық сипаттамасы:

– мотор: жигулидікі

– жылдамдығы: 50-60 км/сағ

– доңғалақтары: жигулиден

– айна: трактордікі

– шамдар: Газ-51 көлігінен

Қарапайым құралдармен күрделі жұмыс жасап шыққан қария көлігін әлімде жетілдіретінін айтты. Шаруашылыққа жараған ерекше көлік ауылдастарын да қуантты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз