Ақтөбе облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды. Аман қалған жүргізуші жансақтау бөлімінде жатыр. Апат Қобда ауданындағы Әлия ауылының маңында болды. Фольксваген тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Мерседес жүк көлігімен соқтығысқан.
Салонда жүргізушінің анасы мен өгей әкесі, ағасының екі баласы мен туған бауыры болыпты. Олар сол жерде қаза тапты. Ал ауыр жараланған бес жасар бала дереу ауруханаға жеткізілгенімен, оны да аман алып қалу мүмкін болмады.
«Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Бес жолаушы қайтыс болды. Үшеуі кәмелетке толмаған балалар. Барлығы тумалар болып келеді», – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.