Күні кеше Алматыдағы Республика сарайында “Әндер мен жылдар” атты концерт өтті. Бір қызығы афишада көрсетілген әншілер кешке келмей қалған.
NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген жоба авторы Құдайберген Бекіш жайсыз жайтқа қатысты пікірін білдірген еді.
https://kaz.365info.kz/endi-magan-zhakhyndap-korsin-ashuly-makhpal-zhynisova-madinany-nege-zhylkhyganyn-ajtty-292314
https://kaz.365info.kz/makhpal-zhynisova-bolat-nazarbaevtyn-ozine-khamkhorshy-bolyp-kelgenin-ajtty-307631
Әншінің сөзінше, Әлішер Кәрімовтің сырқаты себеп болса, Серікбол Сайлаубекке тойдан қомақты сұраныс түскен деп топшылайды. Сондай-ақ, жарнамада көрсетіліп кейін концертте бой көрсетпегендердің қатарында Мөлдір Әуелбекова мен Роза Рымбаева да бар екег.
“Роза Рымбаева белгілі себептермен келе алмай қалды. Өйткені оның айтқан жағдайлары болды. Адам баласы болған соң бір жағдайлар болды. Мөлдір Әуелбекова да келемін деген болатын. Келе алмайтын болды”, – дейді Құдайберген Бекіш.
Осы олқылықтың орынын толтыру үшін, жоба ұйымдастырушылары Халық әртісі Мақпалға бірнеше әнді қатар шырқауын өтінген. Құдайберген Бекіш бұл жайында тіс жармағанымен, Жүнісова әріптесі Роза Қуанышқызына қатысты құпия ақпаратты сахнада жайып салды.
https://kaz.365info.kz/makhpal-zhynisova-sahnada-khylap-ayakh-kiimin-lakhtyrdy-video-309701
“Мен бүгін бірнеше ән айтатын болдым. Өйткені, шақырған әншілердің көбісі келмей қалыпты. Роза әпшем Атырауға тойға кетіп қалыпты.
Ол тойға 8 мың доллар беремін деп, мені де шақырған.
Бірақ мен ақшаны емес, сіздерді таңдадым”, – деп Мақпал Жүнісова халықты қыран-топан күлкіге қарық қылды.
Айта кетейік, бұл концерт Ұлттық арнаның 60 жылдық торқалы тойына арналған болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=H58deFGXc18