Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-6
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

“Ақшада басың қалғыр!”. Төреғали Алтынбек Қоразбаевты “сатып” кетіпті

245

https://kaz.365info.kz/taubene-tys-khuat-hamitov-toregalidi-khalaj-zhazalajtynyn-ajtty-297385

“Иә, естідім! Өкінішке орай келе алмайтынын білдіріпті. Кейін естігеннен кейін айтармын әңгімесін”, – дейді Бесбаев.

Сазгердің «Сен болмасаң» атты әнін, мерейтойлы кеште Қыдырәлі мен Қарақат  орындады. Жоспар жүзінде Төреғали мен Мөлдір Әуелбекова шырқауы тиіс еді.

“Енді білмеймін арада не болғанын.

Көке маған хабарласты да Қазақконцертке кел деді.

Сол кезде Төреғалимен «Сен болмасаң» әнін айтпайтын болдыңдар деді. Төреғалимен сөйлеспегеніме біраз болды. Өйткені ол шет елде қазір…  Төреғалиды көрген кезде өзінен сұрайтын боламын. Міндетті түрде”, – дейді Әуелбекова.

Ал, өнердің орта буыны мен өзге жас өкілдері Қоразбаев әндерінің өміршеңдігін жарыса айтып, оның талай хитменнің бағын ашқанын еске алды.

https://kaz.365info.kz/esindi-zhi-zhan-mykhanov-toregali-toreali-turaly-shyndykhty-ajtty-296898

 “Алтынбек ағаның әнімен қаншама ұрпақ тәрбиеленді. Қаншама толқын осы әндердің әуенімен тербеліп келе жатыр”, – дейді Жұбаныш Жексенұлы.

“Алтынбек Қоразбаев атамыз жайлы айтатын болсақ бір кино түсіруге болатын шығар”, – дейді Ернар Айдар.

Ал Төреғали өзі ренжіткен Қоразбаевтың әндеріне клип түсіруді қолға алған. Айта кетейік, өткен айда Төреғали мен Мөлдірдің орындауында “Сен болмасаң“, ал күні кеше “Қоштасудың қиыны-ай” әніне таспаланған бейнебаян халыққа ұсынылды. Қос туындының да авторы – Алтынбек Қоразбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз