Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ақша көрсе актер де жолдан таяды…”. Ерлан Біләлдің “ерлігі” неде?

Ал өнер адамдарының парамен ұсталуы әлі де болса тосын біз үшін. Бұл қалай?

Жаманқұловтың төңірегіндегі жемқорлық дауы аяқтала сала тағы бір өнер тарланы – Ерлан Біләл ұсталды.

Күні кеше сот оған жаза кесті. Әуезов театрының ендігі жердегі экс-басшысы миллион жарым теңге пара алмақ болған жерінен ұсталған.

Сонысы үшін сот оған 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды. Қысқа-нұсқа айтқанда осы.

https://kaz.365info.kz/zhamankhylovtyn-khatysy-khansha-tanymal-azilkesh-erlan-bilal-turaly-shyndykhty-ajtty-296846

Сотта соңғы сөзін айтқан Біләл: “Жаза ретінде айыппұлды өтеуге әзірмін, алайда еңбекпен келген марапаттарымнан айырмасаңыздар екен. Бұл менің әрі қарай да шығармашылықпен айналысуыма демеу болар еді. Шығармашылық адамға атақ-даңқынан айырылудан ауыры жоқ”, – деген еді.

“Сонда ар-ұяттан гөрі атақ қымбат па?” деп ойлаған едік біз өз кезегімізде.

Ақша көрсе актер де жолдан таяды

Журналист Қуандық Шамахайұлы осы ойымыздың үстінен түсіпті.

“Пара алу, жемқорлық секілді жиіркенішті қылмысқа қоғам төзбейтін ахуал қалыптасуы керек еді. Өкінішке қарай, оны ақтайтын, қылмысқа тартылғандарға ара түсетін, тіпті, ақтауға тырысатын жағдайға душар болған екенбіз” деп жазған екен журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

https://kaz.365info.kz/tyngyshbaj-men-toregalidi-tiridej-komdik-khazakh-khajda-barasyn-296829

Айтуынша, әу баста бір топ қайраткер шығып, қылмысын өзі мойындап тұрғанына қарамастан, Ерлан Біләлді «сүттен ақ, судан таза» деп бетін жыртып, жылап-сықтады, «дарынды адам пара алмайды» десіп еңіресті.

“Бірақ, ақша көрсе актер де жолдан таяды екен, дарындылығына қарамастан (шынын айтсам, қандай образ сомдағанын білмейді екенмін).  Обалы нешік, Ерланның ерлігі қателігін ашық мойындауы болды.

Сот үкімі оқылғанда, әлгі атақтарынан ат үркетін қайраткерлер ат-тондарын ала қашып қарасын көрсетпеді.

Оларға азаматтан гөрі оның лауазымы қымбат болған шығар. Мәнсабынан айырылғаны анық болған соң «аш пәледен қаш пәле». Ал, актеріміз өткен іске өкінген де шығар, бірақ, атағы мен сыйлықтарына жармасып, зар иледі. Ар-ұяттан гөрі атақ пен сыйлық қымбат заман-ай, десеңші!”, –   дейді Қуандық Шамахайұлы.

Сонымен қатар ол біраз жұрттың «небары миллион жарым-ақ пара үшін 52 млн теңге айыппұл салып ауыр жаза кесті» десіп шулап жатқанына да жауап қатыпты.

“Пара мен ұрлықтың аз-көбі болушы ма еді?!

Қазір болмашы мәнсапқа қол жеткізгендердің көбі пара алуға, бюджеттің ақшасынан жымқырып қалуға тырысатыны бәрімізге белгілі. Бір анығы – лауазымдық қызметтің қай түрін де дәл қазір ешкімнің дарын-қабілетіне, біліктілік-қарымына қарап әділ түрде ұсынып жатқан жоқ. Небір сұрқия алаяқтар мен ақымақтар да екі тізгін, бір шылбырды қолына алып, өздерінен неше есе ақылды, білімді жандарға көсемсіп отыр.

Жай көсемсіп қана қоймай, біліктілілерге өлердей өшігіп, қысым жасап, тықсырып, қуғындап жатыр. Ертеңгі күні тағы біреу ұрлық үстінде ұсталса «ол залым емес, ғалым еді», «қазақтың біртуарының қызы еді», «пәленшекеңмен сыйласқан адамның ұлы еді» деп ақтап алуға тырысып жүрмесек болды ғой.

Себебі,

қазір мәнсаптылардың үлкені де, кішісі де қарпып қалуға, іліп кетуге, жымқыра беруге қатты әуестеніп кеткен.

Қысқасы, ұсталмағанның бәрі ұры емес. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің жұмысына атсалысып, қол ұшын бермесек те, шын жемқорларға ара түспей тыныш отырайықшы, тым құрығанда! Заңымызды сыйлап үйренейік!”, – дейді журналист.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз