Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

АҚШ университетінің ұстазы Данэлия Төлешованың продюсері болды

Менің шығармашылық карьерам кішкентай кезімнен, яғни 4 жасымда басталған. Ассамблея ұйымдастырған концерттерге, шараларға қатысып келемін. Маған халықтың, Елбасының алдында өнер көрсеткен ұнайды.

Менің ойымша, біздің елде көп ұлттың тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатқандығын Батыс елдері үлгі етулеріне болады. Мен Нью-Йорк Университетінде вокалдан сабақ беремін.

Сонымен қатар, өзімнің жеке әншілік өнеріммен айналысып, композиторлық және продюсерлік қызметте де күшімді сынап жатырмын. Қазір, біздің кішкентай талантты өнерпазымыз Данэлия Төлешоваға продюсер болып, сол жобаны қолға алдым», – деді әнші Диаз Мұсалимов.

Сонымен қатар, Диаз Мұсалимов АҚШ-та өткен Қазақстанның іс-шараларында қазақтың халық әндерін айтқан кезінде бойын билеген сезімдерін бөлісті. Әнші Головкин және Альварестің арасындағы жекпе-жекте Қазақстанның әнұранын орындауы аса толқулы оқиға болғанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз