Вашингтон талибтарға қарсы соғыста американдықтарға көмектескен 9000 ауғандыққа уақытша баспана ретінде Қазақстанды, Өзбекстанды және Тәжікстанды таңдады.
Шығыстанушы саясаттанушы Александр Князев Орталық Азияның үш мемлекетінің аумағына бейбіт ауғандықтарды уақытша орналастыру бұл елдердің тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмейді деп санайды.
– Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядағы үш елден америка армиясына талибтарға қарсы күресте көмектескен 9000 ауғандықты уақытша орналастыруды сұрады. Мынадай сұрақ туындайды – егер олар американдықтарға көмектескен болса, оларды неге өздерінде қалдырмайды?
– АҚШ-тың бұл әрекеттері өз алдына екі түрлі ой қалдырады. Бір жағынан, олар өте қайырымдылық және гуманитарлық көмек тәрізді көрінеді – олармен жұмыс істеген адамдарға қамқорлық көрсету және қандай да бір қауіп-қатерден қорғау тәрізді. Екінші жағынан, «неге өздерінде қалдырмасқа?» деген сұрақ туындайды. Осы тұрғыда АҚШ-тың әрекеті ізгі әрі гуманитарлық көмек болып көрінбейді. Менің ойымша, американдық сайлаушы-салық төлеушілердің мүдделерін ескере отырып, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан аумағында орналастыру нұсқасын таңдаған:
Америкаға Азиядан артық адамдар қажет емес. Онда Латын Америкалық мигранттарға қатысты қиындықтар да жеткілікті және т.б.
Екінші жағынан, АҚШ-тың жоспарын Орталық Азия елдерін Ауғанстан жағдайына тартудың ұзақ мерзімді саясаты ретінде қарастыруға болады. Бұл ұсақ-түйек сияқты, бірақ маңызды.
Александр Князев, фото knews.kg сайтынан
Бұлар аймақ ішінде ағын түрінде кездеметін босқындар емес екені анық. Бұл шартты түрде Қазақстанға уақытша келетін адамдардың белгілі бір саны. Айтпақшы, 1992 жылғы оқиғалардан кейін Қазақстанға қоныстанған және осында тұрып жатқан босқындардан құралған айтарлықтай үлкен және өте белсенді ауған диаспорасы бар.
– Яғни, адамдар қайтуға құлшынбай ма? Сондықтан, уақытша орналастыру тұрақты тұрып қалуға ауысуы мүмкін деген Қазақстан азаматтары арасында даулы мәселе бар ма?
– Мен олай айтпас едім, бұл бейбіт адамдар. Егер олардың елдеріне қайта оралуы туралы айтатын болсақ, онда бұл Ауғанстандағы саяси жағдайға байланысты. Мүмкін талибтар Кабулға да кіруі мүмкін, бірақ көп ұзамайды, «Талибандардың» елді бақылауда ұстауға ресурстары жоқ. Қазірдің өзінде олардың шабуылдауының нәтижесіз болып жатқаны байқалады. Және олардың бақылауға алған кейбір аумақтарын үкімет әскерлері мен түрлі жасақшылар қайтарып алуда. Жағдай тұрақты емес, 50/50. Бірақ оның өршіп бара жатқандығына сөз жоқ.
Сондықтан Америкаға көмектескен ауғандықтарды бейбіт елдерде уақытша орналастыру – Вашингтон үшін өзіндік пиар.
Бұл болашаққа арналған белгі, Америка Құрама Штаттарымен жұмыс істеуге болады, олар «өздерінікін далада қалдырмайды» деген тәрізді. Айтпақшы, Кеңес Одағы Ауғанстаннан шыққан кезде де бұлай жасамаған. Кеңес мамандарына көмектескен сол ауғандықтар да өздерінің болашақтарын өздері қалаған.
– Бұл жаңалықтарда оларды кімнің есебінен орналастыратыны туралы ештеңе айтылмаған. Орналастыру бір басқа, оларға осында өмір сүруге көмектесу мүлде басқа. Американдықтар оларды қабылдайтын елдерге қаражат төлеуге дайын екендіктерін айтпайды. Неліктен қазақ, өзбек және тәжік салық төлеушілері оны төлеуі керек?
– Біз қандай да бір үлкен цифр туралы айтылып тұрған жоқ. Қазақстан ауқымында отбасымен көшіп келетін 1,5-3 мың адам деген қандай? Меніңше, оларға қандай-да бір мәртебе, қандай-да бір жәрдемақылар ойлап табады. Мұнда ешқандай проблема жоқ.
– Егер оларды осында әкелетін болса, онда бұл адамдардың өз Отанында өміріне қауіп бар. Олардан көрсеткен көмектері үшін кек алу мақсатында түрлі іс-әрекеттер ұйымдастырып, біздің елде қудалауы мүмкін емес пе? Мүмкін АҚШ осылайша өздерін тәліптердің кек алуынан қорғауға тырысып жатқан шығар?
– Олай болуы екіталай. Талибтер бүкіл елді бақылауда ұстайды дегенге аса сенбеймін, олардың қиындықтары бастарынан асады. Қазақстанға кеткен қарсыластарына уақыт таппай қалады. Олай болуы мүмкін емес.
Менің ойымша, егер бұл орын алса, Қазақстанның белгілі бір мөлшерде бейбіт ауғандықтарды қабылдауға келісуі Қазақстан азаматтары үшін үлкен қиындық тудырады деп ойламаймын.
Оларды бәрібір де қамтамасыз етеді. Мүмкін ол тіпті Қазақстанға жүктелуі мүмкін, бірақ бұл үлкен цифрларды құрамайды. Үш ел үшін 9 мың адам көп емес.
Содан кейін Ауғанстанда әртүрлі қарқындағы азаматтық соғыс 1975 жылдан бері жалғасып келе жатқанын ұмытпауымыз керек. Онда бүтін бір ұрпақ көші-қон ағынымен өсті. Бірақ олар көбінесе Еуропаға қоныс аударумен байланысты. Өзбекстан немесе Қазақстан көпшілік үшін бұл аралық кезең. Тек кейбіреулері ғана тұрып қалады. Айтпақшы, 1992 жылы Мұхаммед Наджибулла тақтан кеткеннен кейін сол кездегі көптеген ауған әскерилері, шенеуніктері мен партия жетекшілері Ресейге, Қазақстанға, Өзбекстанға қоныс аударды.
Бірақ олардың басым көпшілігін алыс шетелдерге отбасыларын көшіріп жіберді, не өздері бірге көшіп кетті.
Германияда, Нидерландыда және басқа Еуропа елдерінде бүтін бір диаспора өмір сүріп жатыр. Менің ойымша, бәрі бұрынғыдай қалады.
– Осыған қарамастан, қарапайым қазақстандықтар шиеленісті аймақтардан келетін ауғандық мигранттарды білдірмей әсер ететін бомба деп қорқады. Олар жағдайды Шешенстандағы соғыспен салыстырады. Қазақстанда Шешенстаннан келген жауынгерлер мен қару-жарақ көбейген кезде, қылмыстың өршуі байқалды.
– Мұндай мәлімдемелер, АҚШ-тың жоспарларынан тыс. Бұл жерде босқындар тобы туралы емес, аудармашылар, көмекшілер, бірге еріп жүретін адамдар және т.б. туралы сөз болып отыр. Бұл мүлдем басқа категория, уақытша қауіпсіз баспана ұсынылатын білімді адамдар.
– Неліктен Америка Құрама Штаттары өзінің одақтастары ретінде уақытша орналастыру нүктесі етіп бірден Еуропаны таңдамады? Сол оңай емес пе?
– Ия, бұл оңайырақ. Техникалық жағынан да, логистикалық жағынан да. Содан кейін, Ауғанстан біздің аймақ екенін тағы бір рет көрсету. Олардың көзқарасы бойынша бұл да Орталық Азия, посткеңестік елдердің осы жағдайға қатысы бар. Сондықтан олар сол қатысымыз бар екенін тағы бір атап көрсету.