Papa John’s халықаралық пицца мейрамханаларының желісі Қазақстан мен Қырғызстан нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін келісімге қол қойылғанын хабарлады. Мейрамхана желісін ашатын PJ Western компаниясының бас кеңсесі АҚШ-тың Кентукки штатында орналасқан.
Компания 24 тамызда қабылданған келісім бойынша, Қазақстанда алдағы бес жылда 16 мейрамхана ашу қарастырылған, алғашқы мейрамхана “таяудағы бірнеше айда” Алматыда ашылады. Сонымен бірге Бішкектегі алғашқы желі мейрамханасы 2017 жылдың соңына таман ашылмақ.
Papa John’s желісінің Ресейде 110, Беларусьте сегіз, Әзербайжанда төрт мейрамханасы барын айтады.