Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

АҚШ-та жүрген қазақстандықтар Ирма дауылына байланысты елшіліктен көмек сұрады

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Флорида штатында тұратын қазақстандық диаспора өкілдерімен үзбей байланыс жасап отыр. Қазақстан азаматтары қажетті кеңестер мен штаттың шұғыл қызметтерінің нөмірлерін алуына болатын қауырт желі ашылған.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердегі қазақстандықтардың басын қосатын арнайы топтарда америкалық жедел жәрдем қызметтерінің нөмірлері көрсетілген ақпараттар таралуда. Майамиде және оған жақын аудандарда тұратын көптеген қазақстандықтар өздері тұрған жерден кетіп, басқа штаттардағы туыстары мен достарына барып паналауда. Табиғат апатының қауіпті аймағынан кетуге үлгермеген, сондай-ақ штатта қалуға тәуекел еткен азаматтар дауылдың басылуын арнайы ұйымдастырылған баспаналарда немесе берік салынған ғимараттарда күтеді.

Еске сала кетелік, Кариб аралдарын талқандаған Ирма дауылы АҚШ-қа жақындап келеді деп дабыл соғылған. Дауылдың салдарынан үйлер талқандалып, 18 адам көз жұмған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз