Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

АҚШ-та сотталған Диас Қадырбаев мерзімінен бұрын босап шығады

Белгілі болып отырғандай, ҚР СІМ Диас Қадырбаевты Отанына қайтару процедурасын жеделдету үшін барынша күш салуда. Қолда бар ақпараттарға сәйкес, оның жағдайы психологиялық және физикалық тұрғыдан жақсы.

«АҚШ-тағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Диас Қадырбаевтың жағдайын осы жылдың маусым айының алғашқы жартысында біліп қайтады. Елшіліктегі қызметкерлер отандасымыздың әкесі Мұрат Қадырбаевпен үнемі байланыста», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, қазақстандық Диас Қадырбаев 2015 жылдың маусым айында 6 жылға сотталып кеткен болатын. Ол 2013 жылдың сәуірінде АҚШ-та ағайынды Царнаевтар жасаған терактқа қатысты іске іліккен еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз