Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

АҚШ-та COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны күрт артуы мүмкін

200

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Бретт Жируар мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Біз қайтыс болғандардың саны артады деп болжам жасап отырмыз. Алдағы екі-үш апта бойы ауруханаға жатқызылғандардын да саны артуы мүмкін, — деді Жируар ABC телеарнасының эфирінде.

Сонымен қатар, қазір АҚШ-та емдеу тиімділігі эпидемияның бастапқы кезеңіне қарағанда жоғары екенін атап өтті, себебі әдістемелер пысықталды, ремдесведир мен стероидт секілді препараттардың тиіділігі дәлелденіп, қолданысқа енгізілді.

Шенеунік күзде аурудың екінші толқынының болу ықтималдығы өте жоғары екенін мойындады, өйткені вирус «ел халқының 90%-ына әлі де әсер етпеді». Оның айтуынша, билік коронавирус  пен маусымдық тұмаудың қабаттасуына жол бермеуге тырысады.

АҚШ-тың ірі штаттарында соңғы айда коронавирустан көз жұмғандардың саны күрт артып кетті. Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 3,2 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, оның 135 мыңға жуығы қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз