Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

АҚШ Солтүстік Корея туралы: әңгіменің уақыты өткен

АҚШ-тың БҰҰ-дағы делегациясының басшысы Никки Хейлидің мәлімдеуінше, “Солтүстік Кореямен әңгімелесудің уақыты әлдеқашан өткен”. Америкалық дипломаттың пікірінше, Пхеньян құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынаған соң, Қытайға Қауіпсіздің Кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты санкцияларын күшейтуді қолдайтын уақыт келді. Халықаралық қысымы жоқ қарардың құны да болмайды”.

“Солтүстік Кореяға қарсы қосымша шаралар туралы Оңтүстік Корея мен Жапония да ойлануы керек”, – деді Хейли.

Президент Трамп бұған қатысты пікірін “Твиттерде” жазды. Ол көмектеспей отырған Қытайдан “көңілі қалғанын” және оны күтіп отыра алмайтынын жазған.

Пекин Трампқа ҚКП ОК баспа органы арқылы жауап берді: “егер АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскермен қорқытуы Солтүстік Кореяның зымыран-ядролық әрекеттерін шектей алмаса, Қытай бұны экономикалық санкциялар арқылы қалай тоқтатпақ?”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз