Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

АҚШ саудиялық журналист Хашоггидің өліміне байланысты санкция енгізді

Жамал Хашогги соңғы жылдары Сауд Арабия саясатын ашық сынап жүрген журналистердің бірі болды. Қазан айының басында ол Стамбұлдағы Сауд Арабияның консулдығына барып, содан ұшты-күйлі жоғалып кетті.

Бірнеше аптадан кейін Эр-Рияд журналистің өлтірілгенін мойындады. Бірақ оның денесі сол күйі табылмады.

Сауд Арабия прокуроры Хашоггиді өлтіру туралы бұйрықты Стамбұлға аттанған келіссөз тобының басшысы бергенін мәлімдеді. Олар шын мәнінде Хашоггиді отанына әкелмек болған. Прокурор 11 адамға айып тағылғанын жеткізді. Бірақ Эр-Рияд бұл іске ел билігінің қатысы жоқ деп отыр.

Батыс елдері мен Түркия арнайы қызметі мұнымен келіспейді. Олар журналисті өлтіруге тақ мұрагері ханзада Салманның қатысы болуы мүмкін деп есептейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз