Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“АҚШ пен Солтүстік Корея соғысса, Қазақстанға қиын болады” – саясаттанушы

356

Ростислав Ищенко, РФ Жүйелі сараптама және болжау орталығының президенті

– Дегенмен алда-жалда соғыс болса, америкалық техникамен әбден жарақтанған Еуропа Ресейдің батыс шекарасында ойқастайтын болады.Таяу Шығыстан да қауіп төнеді. Екі тылда жұмыс істеу Ресейге оңай болмайды. Қытайды жеңу мүмкін емес, әрине. Бірақ олар да экономикалық әрі адами шығынға оңбай ұрынады, – дейді ол.

Ресейлік сарапшының пікірінше, бұл соғыс, ең алдымен, АҚШ-қа керек.

Бұл соғыс АҚШ-қа не үшін қажет?

– АҚШ-та азаматтық соғыс басталып кетуі ықтимал. Қаңтар-ақпан айларында Вашингтон мен Нью-Йоркте, бүгіндері оңтүстігінде оның жұрнақтары анық байқалып қалып жатыр.

Ал сырттағы соғыс осы наразы америкалықтардың жұмылуына, патриоттық рухын оятуына жақсы әсер етер еді. Сондықтан Вашингтон өте қауіпті нысанды таңдап алды.

АҚШ-ты білесіздер ғой, тырнағына іліп бірдемені айналдыра бастаса, оны соңына дейін жеткізеді. Бірақ америкалықтарға ұзақ соғыстың қажеті жоқ. Ондайға халқы төзе алмайды. Сондықтан Қытайды бұл соғысқа қатыстырмаудың барлық жағдайы қарастырылады. КХДР-дің көзін жою Қытайдың Оңтүстік Шығыс Азиядағы беделін түсіріп тастайды. АҚШ-тың гегемониясына бұл аймақта ешкім бәсекелесе алмайды дегенге саяды бұл.

https://kaz.365info.kz/li-k-resi-der-donald-tramp-solt-stik-koreyany-sazajyn-tart-yzba-243980

Қытайды тұқырта түсу үшін АҚШ-қа Ресей мен Қытай арасындағы байланысты әбден үзу керек. Ал ол үшін Орталық Азияны уысқа түсіру қажет.

Қырып-жойып емес, бақылау жағынан жаулау маңызды бұл арада АҚШ-қа, – дейді ресейлік саясаттанушы.

Оның пікірінше, АҚШ Қытайды бұл соғысқа қатыстырмас үшін Орталық Азияда тұрақсыздық орнатуға кіріседі.

АҚШ-қа Қазақстан Ресей мен Қытай арасындағы байланысты үзу үшін қажет дей ме?

– Жазық даланы бомбалау мүмкін емес. Бұл арада ең оңайы – Орталық Азия елдеріндегі саяси билікті алмастыра салу. Ал жаңа билік Ресей мен Қытай арасындағы барлық коммуникациялық байланысты үзуге ықпал етуі тиіс.

Қазақстан территориясындағы ең осал тұс – Транссібір мен БАМ желісі. Ол Моңғолия арқылы байланысты бұғаттайды. Ресей мен Қытай коммуникациясын үзу үшін АҚШ Қазақстанды өз бақылауына алуға тырысады.

Сол секілді Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан – Ресей, Қытай, Иран үштағанындағы коммуникацияны бұғаттаудың ең қысқа жолы. Осыған байланысты Солтүстік Кореяға агрессия жүргізу алдында Орталық Азия елдерінің режимін алмастыру немесе Орталық Азияда тұрақсыздық орнату – АҚШ-тың бүгінгі күн тәртібіндегі басты мәселесі деп айтуға болады, – дейді Ростислав Ищенко.

Бұл соғыстың жеңімпазы Орталық Азияның билеушісі болады

Алайда сарапшының пікірінше,  уақыт қазір АҚШ-қа қарсы жұмыс істеп тұр. Ымыраға келу немесе соғысу туралы шешімді АҚШ бір апта ішінде қабылдауы шарт. Ал бұл уақыт аралығында Орта Азиядағы бір елде түрлі-түсті төңкерістің бола қоюы екіталай. Ол техникалық тұрғыда мүмкін емес.

https://kaz.365info.kz/soltystik-koreya-khatty-ketti-275531

– Оған қоса, ресми болмаса да одақтас болып саналатын Ресей, Иран, Қытай үштағанында орналасқан елдер АҚШ-тың тарапына шығу өте қауіпті екенін жақсы түсінеді. Сондықтан осы өңірдегі елдердің билігін АҚШ үшін өз мүддесіне пайдалану өте қиын. Ендеше, көтеріліс жасаушыларды қолдауы керек. Ал бұл ұзақ уақытты қажет ететін процесс.

Әзірге АҚШ Солтүстік Кореяны алғашқы болып соққы жасасын деп, арандатып әлек.

Кемелерін жіберді, ұшақтарын төбелерінен төндірді. Қорғану мақсатында сасқалақтап, кәрістер ядролық бомбаны іске қосатын „түймешені„ басып жіберсе дейді. Мұндайда АҚШ емес, Солтүстік Корея бірінші болып соғыс бастаған болады. Вашингтонға керегі осы. Өйткені Сорлтүстік Корея соғысты бірінші болып бастаса, онда Қытай Пхеньянға көмекке келмейтінін айтқан.

Қалай дегенмен де АҚШ соғысты бастап кеп жіберсе, онда Орталық Азия қызыл оттың ортасында қалады. Бұл өңірдің болашағын осы соғыстың жеңімпазы анықтайтын болады.

Ал егер АҚШ соғысты кейінге шегеру туралы шешім қабылдаса, онда Орталық Азия елдерінде тұрақсыздық орнатудың қамына кірісері сөзсіз. Ливияға, Сирияға, Йеменге, Ауғанстанға лақтырған агрессияшыл исламистерді жан-жақтан қаптатып, соның көмегімен “ойын ойнауы” бек ықтимал.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз